09 апреля 2021 Қазақстан

Көктемгі егіс маусымы қарсаңында дизель отыны қымбаттады

1 сәуірден бастап Қазақстанда жанар-жағармай бағасы өсті, оның ішінде дизель отыны өткен аймен салыстырғанда 5% қымбаттады.

ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің жасаған мониторингтік мәліметтеріне сәйкес, сәуір айының басында дизель отыны ең қымбат 163 теңге / литр болған аймақтар- Алматы және Шығыс Қазақстан облыстары. Сонымен қатар, өткен айда жанармай бағасы орта есеппен 150-152 теңгені / литр құрады (өсім 7,9%).

Дизель отыны 162 теңгеден арзан болған аймақ- Нұр-Сұлтан, Маңғыстау және Қарағанды ​​облыстары болды, ал бір ай бұрын елордада оның бағасы 150-151 теңге болған еді (өсім 7,2%), Маңғыстау - 155-156 ( 4,5%), Қарағанды ​​облысында - 156-159 теңге / литр (2,5%).

Ең арзан дизель отыны Атырау облысында - 149-153 теңге / литр (наурызда - 144 теңге, өсім 4,8%), Ақтөбе - 150-152 теңге / литр (148-150 теңге, өсім - 1,3%) және Түркістан облысы - 154 теңге / литр (147-149 теңге, өсім 4%).

 

Аймақтар

4.03 баға, тг/л

1.04 баға, тг/л

Нұр-Сұлтан

150-151

162

Алматы

150-153

160-161

Шымкент

144-149

154

Ақмола обл

152-155

157-162

Алматы обл.

150-152

163

Маңғыстау

155-156

162

Атырау обл.

144

149-153

БҚО

144-150

157

Қызылорда обл

150

156-157

ШҚО

152-150

163

СҚО

152-155

158-161

Павлодар обл.

152

161

Қостанай обл.

155-158

163

Түркістан обл.

147-149

154

Қарағанды обл.

156-159

162

Ақтөбе обл.

148-150

150-152

Жамбыл обл.

150-154

157-158

Тақырыпқа байланысты оқуҚазақстанда биылғы егін былтырғы жылмен салыстырғанда нашар болады деген болжам айтылуда

ҚР үкіметі әдеттегідей дизель отынын егінді егу мен жинауға арзан етіп бөлетінін ескеріңіз. Энергетика министрлігінің мәліметінше, биыл аграршыларға егістік жұмыстарға 380 мың. тонна  дизель отыны беріледі. Ведомства ұсынған баға 174 мың теңге / тонна, Атырау мұнай өңдеу зауытында ҚҚС-ты ескере отырып, 172 мың теңге / тонна болады. Дизель отынының фермерлерге жеткізу бағасы және басқа шығындарды ескере отырып берілетін құны, бөлшек сауда бағасынан литріне 15-20 теңгеге төмен болады деп күтілуде.

2021 жылы Қазақстан 22,8 миллион гектарға егін егуді жоспарлап отыр, бұл 2020 жылға қарағанда 186,6 мың гектарға (0,8%) артық. Оның ішінде дәнді және бұршақты дақылдар 15,8 млн га жерге себіледі.