Тоқаевқа агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың Ұлттық жобасы жайлы баяндалды
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бейнеконференциялық байланыс арқылы реформалар жөніндегі Жоғарғы Кеңестің бесінші отырысын өткізді. Қарастырылған басты мәселелердің бірі - агроөнеркәсіптік кешенді 2026 жылға дейін дамытудың ұлттық жобасын дайындау болды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров аталған ұлттық жобаның дайындығы туралы баяндады. Мемлекет басшысы атап өткендей, бұл ұлттық жоба өте ауқымды, өйткені ол ауыл шаруашылығының көптеген саласын қамтиды және мұнда барлық мүмкіндіктер қарастырылады. Сонымен бірге президент кейбір бағыттарды АӨК-ті дамыту тұжырымдамасына қосуды ұсынды.
Сонымен қатар, президент атап өткендей, ұлттық жоба дамудың түйінді аспектілерін шешуге назар аудара отырып, ыңғайлы болуы тиіс. Жалпы, ол АӨК-ті реформалаудың негізгі тәсілдерін мақұлдады. Талқылау қорытындысы бойынша Үкіметке жобаны пысықтау тапсырылды.
Тақырыпқа байланысты оқу: АӨК-ті дамытудың ұлттық жобасында бір бөлім суармалы егіншілікке арналады
Аталған отырыста ұсынылған ұлттық жобалар туралы (ұлттық АӨК жобасынан басқа, «Цифрлық Қазақстан» жобасы «Басынан бастап реттеуді» енгізу және сот төрелігін реформалау жобалары талқыланды) айта келе Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық жобалар күрделі және бірін-бірі қайталамауы қажет екеніне баса назар аударды. Олар негізгі міндеттерді шешуге бағытталып, күш-жігер мен ресурстар «осында және қазір» қағидаты бойынша жұмылдырылуы тиіс.
"Жобаларды іріктеудің нақты әдістемелік базасы болуы керек. Ол қандайда бір ұлттық жобаның кешенді әлеуметтік-экономикалық тиімділігін ескеруі қажет, құжат түсінікті болуы тиіс. Субъективтілікке жол берілмейді", – деді Мемлекет басшысы.
Президент ұлттық жобалар барлық қажетті ресурстармен қамтамасыз етіліп, бюджеттен қаржыландыру кезінде сөзсіз басымдыққа ие болуы тиіс екенін атап өтті.