АШҚҚҚ фермерлерге төлемде жеңілдік мерзімін ұсынады
Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры карантиндік шаралардың енгізілуіне байланысты, қарыз алушы шаруашылықтарға қолдау көрсетуге дайын және олардың төлемдерін кейінге жылжытуды қарастырады. Бұл туралы қордың баспасөз қызметі хабарлады.
Өтініштер 2021 жылдың 1 сәуірі мен 30 маусымы аралығында қабылданады.
Төлемді кейінге қалдыру қарыз алушының таңдауы бойынша 2021 жылдың 1 сәуіріне дейін берілген несиелерде қарастырылады, егер өтініште басқа мерзім көрсетілмесе, 30 күннен 90 күнге дейін берілуі мүмкін.
Қарыз алушылардың өтініштері жеке-жеке қаралады. Егер шағын және орта бизнес өкілдері Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының 09.04.2021 ж. бұйрығында көрсетілген қызмет саласында жұмыс жасаса, төлемдерін кейінге қалдыруға болады.
Аталған тізімге - тамақ өндірісі: ет, балық, жемістер мен көкөністерді қайта өңдеу және консервілеу, өсімдік және жануар майлары мен майларын, сүт өнімдері, ұн және жарма, крахмал және крахмал өнімдері, нан-тоқаш, макарон және ұннан жасалған кондитерлік өнімдер, тамақ өнімдері, сонымен қатар дайын мал азығын өндіру саласы жатады.
Тақырыпқа байланысты оқу: АШҚҚҚ ауыл шаруашылығымен айналысушыларға 63 млрд теңгеге қаржылай қолдау көрсетеді
Сонымен қатар, орта бизнес өкілдері, жеке кәсіпкерлер өздерінің қаржылық жағдайының нашарлағанын АШҚҚҚ арқылы растауы керек.
«Қарыз алушының қаржылық жағдайын бағалау үшін қарыз алушының нақты кірісіне ықпалын және карантиндік шаралардың қарыз алушының бизнесіне әсерін анықтау қажет, оның ішінде тауарларға, жұмысына және (немесе) тұтынушылардың сұранысының төмендеуіне әсерін көрсетуі керек, қарыз алушының тауарларды, жұмыстарды және (немесе) қызметтерді төлеу мерзімдерін бұзғаны үшін тауарлардың және (немесе) қызметтердің жеткізілім тізбегінің үзілгендігін растауы тиіс», - деп атап өтті Қор мамандары.
Қарыз алушы төлемді кейінге қалдыру туралы өтінішті өз қолымен сомасын көрсетіп, жазуы керек, онда төлемді кейінге қалдыру мерзімін, қаржылық жағдайдың нашарлауын көрсететін себептерді беру және сканерлеуден өткізіп (немесе фотосуретті) көрсете отырып жазуы керек. Аталған құжаттадыр интернет-ресурстар немесе басқа байланыс құралдарын пайдалана отырып, электронды пошта арқылы Қордың аймақтағы өкілдігінің мекен-жайына жіберілуі керек.
Тақырыпқа байланысты оқу: Ет шаруашылығын дамыту үшін 2025 жылға дейін 175 млрд теңге бөлінеді
Өтініш иесіне жауап барлық құжаттарды қабылдаған күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде жіберіледі. Қорда қарыз алушының қаржылық жағдайының нашарлауы туралы ақпарат болған жағдайда мерзімін ұзарту туралы шешім қабылданбайды.
Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры филиалдарының өкілдері:
- Алматы облысы: Абишев Манат Маратұлы 8 (7273) 341-968 +7 707 860 03 71 m_abishev@fagri.kz
- Ақмола облысы: Сабитов Мейрам Шоктайұлы 8 (7172) 760-179 Нұр-Сұлтан қ-сы, 8 (7162) 500-755, 8 (7162) 500- 754 +7 707 797 61 00 m_sabitov@fagri.kz
- Ақтөбе облысы: Имантаева Нуржауар 8 (7132) 908- 319 +7 701 508 24 29 n_imantayeva@fagri.kz
- Атырау облысы: Калхашева Эльвира Емматқызы 8 (7122) 508 -316 +7 702 152 07 18 e_kalkhasheva@fagri.kz
- Шығыс –Қазақстан облысы: Тлебалдинова Маржан Абдыгалиқызы 8 (7232) 701- 009 +7 705 4438145 m_tlebaldinova@fagri.kz
- Жамбыл облысы: Тлеубердиев Нұралы Ертайұлы 8 (7262) 546 -045 +7 702 402 80 81 n_tleuberdiyev@fagri.kz
- Батыс –Қазақстан облысы: Бертлеуов Сержан Султангалиұлы 8 (7112) 241- 526 +7 747 373 9944 s_bertleuov@fagri.kz
- Қарағанды облысы: Жукин Бекзат Биргебайұлы 8 (7212) 211- 415 +7 776 161 67 77 b_zhukin@fagri.kz
- Қостанай облысы: Салмагамбетов Берик Габиденұлы 8 (7142) 533- 916 +7 702 862 0101 b_salmagambetov@fagri.kz
- Қызылорда облысы: Смагамбетова Алтынкүл Калабайқызы 8 (7242) 262- 080 +7 701 697 0667 a_smagambetova@fagri.kz
- Маңғыстау облысы: Айтмағанбетов Ербол Кавланұлы 8 (7292) 304 -342 +7 702 377 3743 e_ayitmagambetov@fagri.kz
- Павлодар облысы: Тыныбаева Рысжан Мақсұтқанқызы 8 (7182) 621-222 +7 777 868 99 22 r_tinibaeva@fagri.kz
- Солтүстік- Қазақстан облысы: Хасенов Ильдар Рашидұлы 8 (7152) 465-148 +7 705 256 0101 i_hasenov@fagri.kz
- Түркістан облысы: Халмурадов Бахтияр Розақұлұлы 8 (7252) 394- 950 + 7 701 167 6767 b_khalmuradov@fagri.kz
- Орталық аппарат: Қасымбеков Мақсат Байболатұлы 8 (7172) 678-414 +7 701 959 2809 M_kassymbekov@fagri.kz; info@fagri.kz