06 мая 2021
Қазақстан
АШМ басшысы есеп беру кездесуін онлайн режимінде өткізеді
Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров биыл халыққа есеп беру кездесуін онлайн режимінде өткізеді. Бұл формат карантиндік режимді сақтау мақсатында жасалып отыр. Бұл туралы АШМ-нің баспасөз қызметі хабарлады.
Аталған кездесу 9 маусым күні сағат 11.00-ге жоспарланған. Трансляция министрліктің Facebook-тегі ресми парағында өтеді.
Министрге сұрақтар мен ұсыныстар 8 маусымға дейін minagripress@gmail.com электрондық поштасымен қабылданады.
Қосымша сұрақтар бойынша қоңырау шалу: 8(7172) 55-57-65.