Қазақстанда азық-түлік қауіпсіздігі шаралары әзірленді
ҚР Үкімет азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жаңа шаралар пакетін әзірледі. Биылдың өзінде агроөнеркәсіптік кешенде 285 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Сондай-ақ, импортты алмастыру бойынша 2021-2023 жылдарға арналған Кешенді жоспар дайындалуда. Бұл туралы АШМ баспасөз қызметі хабарлады.
Үкімет негізінен ең перспективалы инвестициялық жобалардың пакетін қарастыруда. Қазіргі уақытта құжаттың тармақтарын іске асыру бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр.
Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметтері бойынша, ағымдағы жылы агроөнеркәсіптік кешенде 285 инвестициялық жобаны іске асыру ауылдық жерлерде 7 мыңға жуық тұрақты жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді.
Жоспарланған жобалардың басым бөлігі ауылшаруашылық өнімдерін импортпен алмастыруға бағытталған: сүт фермаларын, құс фабрикаларын, жылыжайларды салу, ауылшаруашылық өнімдерін терең қайта өңдеу жоспарлануда.
Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында өндірістік қуаты 11,5 мың тонна болатын 4 сүт фермасы, 7,5 мың тоннаға құс етін өндіруге арналған 2 құс фабрикасы, 1,5 мың тоннаға 1 жеміс сақтау қоймасы іске қосылды.
Сонымен бірге емлекет басшысының тапсырмасына сәйкес ет, жеміс-жидек, көкөніс, қант, дәнді дақылдар, майлы дақылдар, сүт өнімдерін өндіру және қайта өңдеу бойынша 7 ірі экожүйені қалыптастыру жұмыстары жүргізілуде. Бұл жергілікті өндірушілерге өндірістік процестің барлық кезеңдерінде аграрлық секторды дамытуға қатысуға серпін береді.
Тақырыпқа байланысты оқу: Қазақстанда не себепті сиыр еті қымбаттауда
ҚР Премьер-министрдің бірінші орынбасары А.Смайылов Ауыл шаруашылығы министрлігіне әкімдіктермен бірге АӨК бойынша инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға қатысты іс-шаралардың сапалы әрі уақытылы қабылдануын қамтамасыз етуді тапсырды.
Сонымен бірге 2021 жылға арналған Жол картасы аясында отандық нарықты қамтамасыз ету көрсеткіштеріне қол жеткізу қажет: алма - 80%, балық - 75%, шұжық - 70%, ірімшіктер мен сүзбе - 70%, қант - 65 %, құс еті – 75.