Шегірткеге қарсы қолданылатын алдын алу шаралары арқылы 15-20 есеге дейін қаражатты үнемдеуге болады-зерттеулер нәтижесі
Шегіртеге қарсы қолданылатын фитосанитарлық бақылау технологиялары арқылы қаражатты 15-20 есеге дейін үнемдеуге болады.
Мұндай қорытындыны биология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі Валерий Ажбенов және PhD доктор, ҚазҰТУ –дың аға оқытушысы Құрмет Байбусенов айтты, деп хабарланды ElDala.kz материалында.
«Егер бір жыл көлемінде шегірткеге қарсы жаппай химиялық өңдеу қолдансақ, жұмсалатын шығынды 15-20 жыл кеткен стратегиямен салыстыруға болады, деп айтты ғалымдар
Бұл аталған стратегияның тағы басқа да артықшылықтары бар, олар:
экономикалық әсері-иянкестердің, шегірткелердің жаппай басып кетуі мен егіннің бүлінуін болдырмау арқылы экономикасын сақтау
әлеуметтік әсері- яғни химиялық өңдеу жұмыстарының елге зиянын тигізбеу
экологиялық әсері-шегірткені жоятын табиғаи зиянкестерді қолданып, пестицидтерді аз мөлшерде тұтыну арқылы табиғатты сақтап қалу
Айта кетсек, Республикалық әдістемелік фитосанитарлық орталықтың болжамы бойынша 2020 жылы республикада зиянкестердің, шегірткенің таралу аймағы 500 мың гектар жерді алады деп күтілуде.