АӨК –ке Үкімет назар аударуы тиіс ― Есенеев
Қазақстанның Агроөнеркәсіп кешеніне үкімет ерекше назар аударуы керек, себебі аталған салаға көңіл бөлу арқылы басқа мәселелерде шешіледі.
Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқармасы төрағасының агроөнеркәсіптік кешен жөніндегі кеңесшісі Ербол Есенеев аталған пікірді ElDala.kz материалында айтты.
«Бұл мультипликативті тиімділік болып табылады: Ауыл шаруашылығын дамыта отырып, еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін жақсартамыз, валюталық пайда әкелеміз және жұмыс орындарын ашамыз.Тиімді тұстары өте көп», -деді ол.
Ербол Есенеевтің айтуы бойынша, азық-түлік тамақтарына деген сұраныс әрдайым болады, мысалы бізбен көршілес Орталық Азия елдерінде бидай өсіретін жағдай жоқ.
«Астық жайлы тағы айтар болсақ, Орта Азия елдері өздерінің ұн тарту өнеркәсібін дамытуда. Бірақ олар бізден бидай сатып ала береді. Себебі олар бидай сатып алуға мәжбүр, оларда бидай өсіретін алқап та жоқ және табиғат жағдайы да бидай өсіруге қолайсыз», -деді Ербол Есенеев.