07 апреля 2020 Қазақстан

ҚазҰАУ студенттер арасында онлайн-байқау ұйымдастырады

«Карантин –зерігетін кез емес» ұраны бойынша Қазақ ұлттық аграрлық университеті студенттерге арнап онлайн-байқау ұйымдастырып, оған  қатысуды ұсынды

Университет хабарламасында айтылғандай, студенттер өз  туған ауылдарының табиғатына, оның тұрмыс тіршілігіне және көктемгі маусымдық ауыл шаруашылық жұмыстарына болашақ аграрлық сала маманы ретінде қарап, ойлануға мүмкіндіктері бар.

«Студенттер «АУЫЛЫМ – АЛТЫН БЕСІГІМ» тақырыбында өз ойларын және идеяларын қағаз бетіне түсіріп, жазып университетке жібере алады», — деп айтылған оқу орнының сайтында.

Сонымен қатар, Ұлы жеңістің 75 жылдығына орай «Университет –менің мақтанышым» атты онлайн-байқау да өткізіледі.

Ең үздік жұмыстар «Агроуниверситет» газетінде жарияланып, жүлделі орындар беріліп, сыйлықтар табыс етіледі.

Онлайн-байқау шарттарымен Facebook және Instagram парақшаларынан оқып, танысуға болады. 

Жұмыстарды 2020 жылдың 20 сәуіріне дейін kaznau.competition@mail.ru электронды поштасына жіберуге мүмкіндік бар.