ҚазҰАУ Нидерландтық технология бойынша жеміс сақтау қоймасын салады
Dutch Fruit Solutions Kazakhstan компаниясы мен Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті Нидерландтық технология бойынша «Агроуниверситет» оқу-тәжірибелік шаруашылығында жеміс сақтау қоймасын салу туралы Меморандумға қол қойды. Бұл туралы Ұлттық аграрлық ғылыми-білім біру орталығының баспасөз қызметі хабарлады.
Аталған меморандумға қол қою сәтіне Қазақстандағы Нидерланды Корольдігінің Төтенше және Өкілетті Елшісі Андре Карстенс қатысты. Елшінің қолдауымен голландиялық Dutch Fruit Solutions Kazakhstan компаниясы ағымдағы жылы «Агроуниверситетте» жеміс-жидек дақылдарының демонстрациялық учаскесін құру бойынша үлкен жұмыс атқарды.
ҰАҒБО атап өткендей, ҚазҰӨА Dutch Fruit Solutions Kazakhstan компаниясымен логистика, тасымалдау және өндірілген өнімді сатуды дамыту бойынша ынтымақтастықты одан әрі жалғастыратын болады. Университет заманауи жеміс қоймаларында жаңа піскен және мұздатылған жемістерді сақтаудың тиімді жүйесін ұйымдастыруға көп көңіл бөлуде.
Сонымен қатар, Dutch Fruit Solutions Kazakhstan және Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті Ауыл шаруашылығын, ғылымды, білім беруді дамыту және стратегиялық әріптестікті нығайту саласындағы ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге ниет білдірді.