09 июля 2021 Қазақстан

ЖЖМ –мен қамтамасыз ету үшін ПМХЗ-ды жөндеу қыркүйек айына ауыстырылды

Егін жинау науқаны кезінде жанар жағар май қорын жинау үшін Павлодар мұнай-химия зауытын жөндеу жұмыстарын кейінге шегеру жайлы шешім қабылданды. Бұл туралы ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Павлодар мұнай-химия зауытында 24 шілдеде жасалуға тиіс жоспарлы түрдегі жөндеу ағымдағы жылдың қыркүйек айына ауыстырылады», - деп хабарлады Энергетика министрлігі.

Аталған ведомствода хабарлағандай, зауытты жөндеуді тоқтатып, кейінге қалдыру егістік жұмыстарын жүргізуге қажетті жанар жағар маймен қамтамасыз ету үшін мұнай өнімдерін жинауға мүмкіндік береді.

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылы ауыл шаруашылық дақылдарының алқабы 22,7 млн гектарды құрады, бұл 2020 жылғы деңгейден 78 мың гектарға артық, майлы дақылдар алқабы 2,9 млн гектар болып, 2020 жылы 11,9 мың гектарға артты, көкөніс – бақша дақылдары - 275,2 мың гектарға (10,6 мың гектарға артық), картоп – 198 мың гектарға (5,8 мың гектарға артық), жемшөп дақылдары-3,4 млн гектар (104,2 мың мың га артық) болды.

Егін шаруашылығын әртараптандыру мақсатында күріш пен мақта сияқты ылғалды көп қажет ететін дақылдар егілген алқаптарды біртіндеп азайту мақсатында жұмыстар  жүргізілуде. Биыл күріш алқабы 8,1 мың гектарға, мақта алқабы 18 мың гектарға қысқартылды.