ҚР-да тағы 78 мың га суармалы жер пайдаланылатын болады
2019-2020 жылдары Қазақстан аумағында 1734 км канал жөнделіп, 111,5 мың га суармалы жер қолданысқа берілді. Ағымдағы жылы тағы 1050 км суару желісін жөндеу жоспарланған, бұл 78 мың га суармалы жерді айналымға енгізуге мүмкіндік береді, деп хабарлады Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі.
«Алдағы ең негізгі міндеттердің бірі 2030 жылға қарай жер үсті су ресурстарын кеңейту, жаңа ирригациялық жүйелер салу, су шаруашылығы инфрақұрылымын жаңарту және реконструкциялау, су беру саласын цифрландыру, суды үнемдеу және тағы басқа да жұмыстар тұр, сонымен қатар 90-100 текше метр деңгейінде су балансын сақтау іс-шаралары бар», - деп хабарлады Экология министрлігінің басшысы Мағзұм Мырзағалиев азаматтық сектор және ҮЕҰ өкілдерімен кездесу барысында.
Тақырыпқа байланысты оқу: ҚР-да жыл сайын Valley құрылғыларының 1000 данасы шығарылатын болады
Аталған сала министрінің айтуынша, ағымдағы вегетациялық маусым күрделі де қиын болуда, бірақ жағдай бақылануда. Биылғы маусымда Қырғызстанмен келісім шарт жасалды, онда ағымдағы жылы су өте қажет кезде (маусым-тамыз) Тоқтоғұл су қоймасынан Сырдария өзенінің арнасына 330 млн текше метр көлемінде қосымша су жіберу туралы алдын ала келісімге қол жеткізілді. Бұл су Өзбек елінің аумағы арқылы кедергісіз транзит ретінде бізге жеткізілетіндігі туралы да келістік.