Айдарбек Сапаров германиялық әріптесімен құрғақшылық мәселесін талқылады
Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Айдарбек Сапаров Германия Федералдық министрі жанындағы парламенттік статс-хатшы Ува Файлермен климаттың өзгерудің ауыл шаруашылығына әсерін талқылады. Кездесу «Германия мен Қазақстан арасындағы аграрлық азық-түлік секторындағы ынтымақтастық туралы екіжақты кеңес» тақырыбындағы бейнеконференция аясында өтті. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.
Айдарбек Сапаров Қазақстанның ауыл шаруашылығындағы қуаңшылықтың әсерінен болып жатқан ағымдағы жағдай туралы хабардар етті. Үкімет зардап шеккен фермерлерді қолдау үшін бірқатар шаралар қабылдады: мал азығының шығындары өтелді, тұрақтандыру қорын қалыптастыруға, фермерлік шаруашылықтарға дайындалған шөпті жеткізуге және кебек сатып алуға қаражат бөлінді.
«Климаттық жағдайдың кез келген өзгерісі ауыл шаруашылығына әсер етеді. Біз құрғақшылыққа қарсы тәсілдерді қайта қарау қажеттілігі туындағанын түсінеміз. Бүгінгі төтенше жағдайлар туралы ғана емес, сондай-ақ болашақта мұндай жағдайлардың алдын алу жолдары туралы ойлану қажет», - деді бірінші вице-министр.
Тақырыпқа байланысты оқу: ФАО Қазақстанға катаклизмаға дайындалуға көмектеседі
Сонымен қатар Уве Файлер ауыл шаруашылығын тұрақты етіп жүзеге асыру туралы және климатты қорғау жөніндегі жоспарларымен бөлісті. Сондай-ақ ағымдағы жылдың маусым айында Еуроодақ елдерімен Брюссельде өткен келіссөздер барысында жалпы аграрлық саясат реформасы туралы келісімге қол жеткізілгені айтылды.
«Брюссельдегі келіссөздер біздің тұрақты ауыл шаруашылығын құруымызға қатысты идеяларымыз дұрыс екенін көрсетті. Мысалы, болашақта еуродотациялар климатты қорғау шараларына байланысты болады, тікелей төлемдердің кемінде 25% климатты қорғау және табиғатты қорғау жөніндегі ерікті шараларға байланысты болады. Бұл адамдардың жер телімдерін иеленгендері үшін ақша алмайтынын, сол жерді қалай пайдаланатынына байланысты болатынын білдіреді», - деді ол.
«Біз пестицидтерді, тыңайтқыштарды, антибиотиктерді қолдануды азайтуды қолдаймыз, бірақ бұл мақсаттар фермерлер үшін шынайы түрде орындалуы тиіс. Пестицидтерді қолдану өнімнің көлемі мен өнімнің сапалы болуын қамтамасыз етеді. Себебі өсімдік аурулары әлі де егіннің 40% -ын жоюда», - деп атап өтті парламенттік статс-хатшы.
А.Сапаровтың мәліметі бойынша, 2021-2025 жылдарға арналған АӨК-тің ұлттық жобасын іске асыру шеңберінде су үнемдеуші технологияларды енгізу, су беруді субсидиялау тетігін жетілдіруге қатысты шаралардың қабылданатынын хабарлады.
«Қуаттылығы жылына 1000 қондырғыны құрайтын заманауи суару жүйелерін шығаратын зауыт құрылысының жобасы іске асырылады. Бұл су үнемдеу технологияларын қолдану орындарын 15% -дан 21% -ға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді, сондай-ақ қосымша ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндірісін 3 млн тонна көлеміне жеткізуді қамтамасыз етеді», - деп хабарлады вице-министр.
Тақырыпқа байланысты оқу: ҚазҰАЗУ шаруашылығы базасында Valley демонстрацялық алаңы құрылады
Баспасөз қызметінің хабарлауынша, әңгіме барысында тараптар ауыл шаруашылығы саласындағы қазақстан-герман қарым-қатынастарының тұрақты дамып келе жатқанын атап өтті.
Сондай-ақ, бейнеконференциядағы еуропалық қатысушылардың Қазақстанның АӨК саласындағы жобаларды іске асыруға қызығушылық танытқандары белгілі болды.