Аграршыларға блок-бекеттерден кедергісіз өтуге рұқсат беріледі
Көктемгі егіс жұмыстарын жасау үшін фермерлерге блок-бекеттерден кедергісіз өтуге рұқсат беріледі. Бұл ақпарат «Қазинформ» материалдарында хабарланды.
«Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында облыс әкімдіктері ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің, ауыл шаруашылығы техникасы мен тауарлық-материалдық заттарды жеткізуде еш қиындықсыз қозғалысын қамтамасыз ету бойынша тиісті алгоритмді дайындады. Облыс әкімдіктері өңір аумағындағы қозғалысқа рұқсатнаманы алудың электрондық порталдарын әзірлеп, іске қосты» делінген Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінде.
Өтінім алу үшін кәсіпорын қызметкерінің мәліметтері көрсетіліп электрондық форматта толтырылады. Аталған құжатқа кәсіпорын басшысы қол қояды. Осы құжат электрондық базаға енгізіліп, автоматты түрде барлық блокпостарға жіберіледі, осылайша блокпостардан өтуге рұқсат етіледі.
Тақырыпты оқу: Коронавирустың әсері :АӨК үшін оның зардаптары (жаңарып тұрады)
«Көктемгі егіс жұмыстарын уақытылы жүргізудің маңыздылығын ескере отырып, ауыл шаруашылығы таураларын өндірушілер үшін «жасыл дәліз» қағидаты бойынша жеңілдетілген бөлек тәртіпті бекітуді ұсынамыз» деп атап өтті Ауыл шаруашылығы министрлігінің мамандары.
Еске сала кетсек, Қазақстанда карантин мерзімі сәуір айының соңына дейін ұзартылды.