Шығыс Қазақстан облысының Семей аумағында егіс алқыптарын 5%-ға дейін ұлғайтады
Шығыс Қазақстан облысының Семей аумағындағы аграршылар биылғы жылы дәнді дақылдарды 15 мың гектарға отырғызуды жоспарлап отыр, бұл өткен жылмен салыстырғанда 5%-ға артық, деп жазды «КазахЗерно.kz».
Көктемгі егін егу жұмыстарын жүргізу үшін ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің қажетті техникасы мен егіс материалдары бар. Атап айтқанда бірінші-екінші санатты, өнімділігі үшінші санаттан төмен емес дән бар. Егілетін картоптың қоры шамамен 9 мың тоннаны құрайды, егіс алаңы-3,1 мың га.
Биылғы жылы субсидия есебінен берілетін 327 тоннадан астам минералдық тыңайтқышқа тапсырыс берілді. Егіс алқабына 195 тонна дизель отыны берілді, оның бір литрі 165 теңгеден бөлінді. Оның 130 тоннасы сәуір айында және 65 тоннасы мамыр айында жеткізіледі. Оператор- Petro Retail компаниясы.
2020 жылы аталған аймақтағы көктемгі егіс жұмыстарын өткізудің ең оңтайлы мерзімі 20 сәуір мен 15 маусым аралығы болып бекітілді.