Ербол Қарашөкеев ауыл шаруашылығы министрі болып тағайындалды
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ербол Қарашөкеевті ауыл шаруашылығы министрі қызметіне тағайындау туралы жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Ағымдағы жылдың шілде айында Ауыл шаруашылығы министрлігінің бұрынғы басшысы Сапархан Омаров мемлекет басшысының айтқан сынынан кейін қызметінен кеттті. Содан соң ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі – министр міндетін атқарушы қызметіне Е.Қарашөкеев тағайындалды. Қасым-Жомарт Тоқаев сол кезде Ауыл шаруашылығы министрлігі елдегі құрғақшылық кезінде дұрыс шара қабылдамағанын, нәтижесінде республиканың екі өңірде мал өліміне жол берілгенін мәлімдеді.
Ербол Қарашөкеев АШМ-ге келгенге дейін «ҚазАгро» холдингінің басқарма төрағасы қызметін атқарды, сондай-ақ Президент Әкімшілігінде, қаржы және ауыл шаруашылығы министрліктерінде түрлі лауазымдарда жұмыс істеді.