17 апреля 2020 Қазақстан

Ақмола облысының 206 ауыл шаруашылығын өндірушілер егістік үшін несие алады

«Аграрлық несие корпорациясы» Ақмола облысының 220 ауыл шаруашылығын өндірушілерден өтінім қабылдады, оның 206 сұранысқа қаражат бөлінді. Бұл ақпаратты Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының жетекшісі Димаш Таласбаев хабарлады, деп жазды Agrosektor.kz.

Тақырыпты оқу: Қазақстан өз аграршыларына дағдарыс кезінде қандай қолдау көрсетуде

«Бөлінген қаражат жанар жағар май, техниканы қосалқы бөлшектерін сатып алуға, егіс кешендерін сатып алуға және т.б. осындай керекті құралдарды алуға жұмсалады. Бөлінген қаражаттың қалған ақшасын егін жинау жұмыстарын қаржыландыруға бағыттайтын боламыз. Мұндай қолдаулар жергілікті жерлерде әлеуметтік-экономикалық жағдайды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді»,- деді Димаш Таласбаев.

Ол аграрлық секторды қолдауға барлық күш-жігер жұмсалып жатқандығын айтты. Фермерлік және шаруа қожалықтары үшін облыс әкімдігі облыс аумағындағы  блок-бекеттерден кедергісіз жүріп-тұруды қамтамасыз ету алгоритмін әзірледі.

«Қазіргі төтенше жағдай аясында жергілікті ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері қазірдің өзінде 18,7 млрд.теңге көлемінде мемлекеттік қолдауға ие болды»- деп атап өтті аймақ басшысы.

Тақырыпты оқу: Қазақстандағы егін егу жұмыстарының хроникасы (жаңартылады)

Еске сала кетсек, Аграрлық несие корпорациясы 32 кәсіпкердің қарызын төлеу бойынша мерзімді кейінге шегеруді мақұлдады. Сәуір айының ортасына қарай Аграрлық несие корпорациясына жалпы сомасы 6,3 млрд.теңгеден асатын қарыздары бар 84 фермерден өтінім келіп түскен.