Қарағанды облысы аграршыларына 1,7 мың тонна дизель отыны берілді
Қарағанды облысы аграршыларына 1,7 мың тонна яғни жалпы көлемнің 16% дизель отыны берілді. Бұл ақпаратты Қазақстан Ауыл шаруашылығы министрлігі мәлімдеді.
Тақырыпты оқу: Қазақстандағы егін егу жұмыстарының хроникасы (жаңартылады)
Сонымен қатар, облыс фермерлері астық тұқымдарымен және минералды тыңайтқыштармен түгелдей қамтамасыз етілген.
Ағымдағы жылғы көктемгі егін егу жұмыстарына 10 мыңнан астам трактор, 193 егіс кешендері және 6 мың тұқым сепкіш құралдар қолданылады. Қазіргі уақытта тракторлар — 98%, тұқым сепкіш — 99%, егіс кешендері — 100% дайын тұр.
Қарағанды облысында көктемгі дала жұмыстарын қаржыландыру үшін «Аграрлық несие корпорациясы» 2,8 млрд теңге қарастырған. Бүгінгі таңда 2,2 млрд теңгеге 68 несие берілді. Сондай-ақ, өңірде 2,5 млрд теңгеге субсидия түрінде мемлекеттік қолдау қарастырылған.
Тақырыпты оқу: Қазақстанда егіс үшін қолайлы жағдай
Естеріңізге сала кетейік, Қарағанды облысында жаздық егіс 1 млн га алқапқа себілетін болады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 50 мың га артық. Дәнді дақылдар 2020 жылы 32,5 мың гектарға көп егіледі. Майлы және азықтық алқаптар 8 мың гектардан — 28 мың гектарға дейін және 65 мың гектарға кеңейтілді.Қалған алаңдарда картоп және көкөніс дақылдары егіледі.