Қазақстандық аграршылар астықты дер кезінде сақтандыра алмайды
Қазақстандық аграршылар егістіктерін уақытында сақтандыра алмайтынына алаңдауда, себебі Әділет министрлігі әлі күнге дейін өсімдік шаруашылығындағы сақтандырудың жаңа ережелерін бекітпеген. Бұл туралы Агросақтандыру қауымдастығының баспасөз қызметі хабарлады.
Баспасөз қызметінің хабарлауынша, өсімдік шаруашылығындағы сақтандыру ережелері ҚР Әділет министрлігінде бекітілу үстінде және аталған ереже мамыр айының басында ғана жарияланатын болады деп күтілуде.
«Фермерлер мен сақтандыру компаниялары «ойлану» үшін уақыт қажет. Техникалық жағынан бәрі дайын, бірақ ереже тіркелгеннен кейін де сақтандыратын жерді субсидиялау үшін және басқа да процедураларды бекіту үшін уақыт қажет болады, ал бұл кем дегенде 15-20 күн.Ал астықты 15 мамырға дейін сақтандыру керек, өйткені егіс науқаны басталады», — деді Агросақтандыру қауымдастығының басшысы Елдос Ауезбеков.
Естеріңізге сала кетейік, осы жылдан бастап жаңа заң күшіне енді, оған сәйкес агросақтандыру алдыңғы 15 жылдардағыдай міндетті түрде емес, агросақтандыру шаралары ерікті болып табылады. Осыған байланысты, қауымдастықта өтінімдер көп болмайды деген болжам бар, бірақ аграршылар үшін сақтандыру шаралары ұсынылуға тиіс.
«Жоғары температура туралы, аптап ыстық жайлы болжамдар бойынша өз бизнестерін сақтандырғысы келетін прагматикалық аграршылар осы мерзім аралығында үлгерулері тиіс», — деп атап өтті Елдос Ауезбеков.
Ассоциацияда сондай-ақ Америка ұлттық басқармасының мұхит пен атмосфераны зерттеу жөніндегі мамандарының (NOAA) , олардың Росгидрометорталықтағы әріптестерінің және басқа да беделді ұйымдардың болжамы бойынша, биылғы жылы жаз ыстық болады.