02 мая 2020 Қазақстан

Қазақстанға жаз мамыр айында келеді

Мамырдың екінші және үшінші онкүндігінде Қазақстанда жазғы ауа райы қалыптасады. Бұл туралы «Қазгидромет»  болжамы хабарлады. Синоптиктердің мәліметі бойынша, елдің солтүстігінде ауа температурасы +20 +28°C дейін, ал оңтүстігінде +25 +33°C дейін жылынады. Осылайша, 10 мамырдан 30 мамырға дейін еліміздің негізгі астық өсетін аймақтарында егін егу науқанының қолайлы кезеңі болады деп күтілуде.

Айдың басында Қазақстандағы ауа-райына Орталық Азиядан келетін ауа массалары әсер етеді. Соның ықпалынан республиканың басым бөлігінде күндізгі ауа температурасы +18 +25°С болады. Солтүстік-батыста сәл салқын болады (+15°С), оңтүстік-батыста және оңтүстікте жылы болады (+25 +30°С).

3-5 мамыр аралығындағы Қазақстан аймағында екі түрлі климаттық жағдай қалыптасады. Қара теңізден суық антициклонның таралуына байланысты солтүстікте, шығыста және орталықта ауа температурасы түнде -3 +5°C, күндіз +7 +12°C дейін төмендейді. Сонымен қатар, жауан-шашын қарға ауысып, желдің екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді.

Аталған күндері Қазақстанның оңтүстік-батысы Ираннан жылу ағыны таралып, бұл +25 +33°C дейін жылынуға ұласады.

5-10 мамыр аралығында республиканың оңтүстік-батысынан республиканың қалған бөліктеріне жылу ауына әкеледі. уысады, бұл жауын-шашынның тоқтап қалуына және республиканың басым бөлігінде температуралық фонның жоғарылаОсыдан кейін ел аймағында айдың соңына дейін жақсы ауа-райы қалыптасады. Әрине, температураның қысқа мерзімді ауытқулары болуы  мүмкін.

Бірақ бұл жағдайда да, термометр түнде + 5 °C-тан төмен түспейді деген болжам бар. Түнде аяз тек солтүстік-шығыс аймақтарда, республиканың оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда болады.

Жауын-шашын мөлшері туралы болжамға келсек, мамыр айында республиканың басым бөлігінде ауа температурасы нормадан тыс болады. Оңтүстік-батыс бөлікте ылғал аз болады, оңтүстік-шығыста - одан да көп. Бірақ блжағдайлар диқандардың егін алқабына кедергі келтірмейді.