Азық-түлік келісім шарт корпорациясы форвардттық сатып алуға қайтадан өтінімдер қабылдайтыны туралы хабарлайды
Азық-түлік келісім шарт корпорациясы ұлттық компаниясы ауылшаруашылық өнімдерін форвардты сатып алуға қосымша өтінімдер қабылдайтындығы туралы хабарлады. Бұл туралы ұлттық компанияның сайтында жарияланды.
Ауылшаруашылық тауар өндірушілердің форвардты сатып алуларға қатысу үшін беретін өтінімдері Азық-түлік келісім шарт корпорациясының аймақтық өкілдіктерінде төмендегі мекен-жайларда қабылданады:
Ақмола облысы: Көкшетау қ., Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 19, тел. (8-716-2) 55-11-51, 55-11-54, 55-11-52, 42-25-22, +7 701 795 09 98;
Қостанай облысы: Қостанай қ., Тәуелсіздік көшесі, 147, тел. (8-714-2) 53-11-44, 54-28-20, 54-28-94;
Солтүстік Қазақстан облысы: Петропавл қ., Партизанская көшесі, 160, тел. (8-715-2) 42-27-24, 42-27-23, 55-11-64, 55-11-61;
Шығыс Қазақстан облысы: Өскемен қаласы қ., Бейбітшілік көшесі, 30, 206 бөлме, тел. (8-723-2) 25-44-77, 56-06-57.
Осы аптаның басында Азық түлік келісім шарт корпорациясы өтінім қабылдауды тоқтатқаны туралы хабарлаған болатын. Себебі өтінім форвардты сатып алуға белгіленген 24,5 млрд. теңгеден асқан болатын. Қайта өтінім қабылдауды қалпына келтіру өңірлердегі үйлестіру кеңестерінің шешімдерінен өтінім берушілердің бас тартуына немесе азаюына байланысты болып отыр. Бұған дейін өтініш берген ауылшаруашылық тауар өндірушілерінің өздері де бас тартуы да мүмкін.