АШМ 5,8 млн га ауыл шаруашылығы жерін тексереді
Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2022 жылғы 4 мамырдағы №139 бұйрығы қабылданды, оған сәйкес жер ресурстарын басқару комитетінің аумақтық бөлімшелері 5,8 млн га алаңда 1901 шағын кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты жоспардан тыс тексерулер жүргізуді жоспарлап отыр. Бұл туралы Жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы Мұрат Теміржанов мәлімдеді.
Оның айтуынша, бұған дейін Жер ресурстарын басқару комитеті және оның аумақтық бөлімшелері ЖАО-мен бірлесіп пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы жерлері бойынша талдау жүргізген.
"Қазіргі уақытта ҚР АШМ ЖРБК аумақтық бөлімшелерімен жоғарыда көрсетілген субьектілерді тексеруді тіркеу бойынша іс - шаралар жүргізілуде", - деп нақтылады Мұрат Теміржанов.
Бұрын хабарланғандай, Қазақстанда пайдаланылмайтын учаскелерді анықтау мақсатында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге ғарыштық мониторинг жүргізу жетілдіріледі. Бұл жерлер мемлекетке қайтарылады.
2021 жылы космомониторингпен еліміздің барлық аумағы қамтылды, соның нәтижесінде 40,2 млн га пайдаланылмайтын жайылымдар анықталды.