09 мая 2020 Қазақстан

ЕвроХим еріктілері аудандық ауруханаға медициналық тауарлар сыйлады

Әлемдегі ірі тыңайтқыш өндірушілердің бірі -«ЕвроХим» компаниясының еріктілері Жамбыл облысындағы Сарысу ауданының орталық ауруханасына медициналық тауарлар сыйлады. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады.

Отан қорғаушылар күні аталған компания медициналық мекеме өкілдеріне «Окситест-1», автономды төрт портативті пульсоксиметр, төрт медициналық байланыссыз инфрақызыл термометр, 200 респиратор, КВИ Rapid Test анықтау үшін 200 экспресс-тест және 600 жеке қорғаныс құралдарын (қорғаныш комбинезоны, медициналық масканы, қорғаныс көзілдірігін, бахилалар мен қолғаптарды) берді.

 Баспасөз қызметінде атап өткендей, коронавирус пандемиясы кезінде "ЕвроХим" барлық қалаларға қолдау көрсетеді.

«Біз бұл көмекті төтенше жағдай кезінде және Жеңіс күні мен Отан қорғаушылар күні қарсаңында жасап отырмыз. Осындай бейбіт күнде ерлік жасаушылардың қатарына  медицина қызметкерлерін де жатқызуға болады деп ойлаймыз. Бүгінгі таңда Сарысу ауданында коронавирустық инфекцияның бірде - бір оқиғасы анықталған жоқ, бірақ біз қауіп-қатердің алдын-алу үшін және тұрғындар арасында ауру болған жағдайда зиянды кеселді барынша азайту үшін осы жұмысты істеп отырмыз», — деп мәлімдеді «ЕвроХим-Қаратау» ЖШС Бас директоры Дмитрий Валышев.

Ол қызметкерлер мен олардың отбасыларының денсаулығына қамқорлық жасау маңызды істің бірі болып табылатынын атап өтті. Сондай-ақ, «ЕвроХим» өзінің әлеуметтік жауапкершілігі жоғары халықаралық стандарттарды мүлтіксіз орындайтын танымал мекеме.

«Қалыптасқан жағдайға қарамастан, «ЕвроХим» кәсіпорны Қазақстанда өзінің барлық міндеттемелерін орындай отырып, өндірістік қызметін сәтті түрде атқаруда», — деп мәлімдеді Дмитрий Валышев.

Еске салсақ, 2021 жылы «ЕвроХим» компаниясы Жамбыл облысында құны $1 млрд болатын минералды тыңайтқыштар шығаратын зауыт құрылысын бастауды жоспарлап отыр. Қазіргі уақытта фосфориттер кен орнын барлау және игеруді бастауда, фосөнім шығарудан қуаты жылына 640 мың тонна болатын тау-кен кешенін пайдалануға беру жөніндегі жобаның бірінші кезеңі табысты түрде іске асырылды.

Екінші кезең бойынша жұмыстың 80%-дан астамы орындалды, химиялық кешеннің құрылысы салынатын жерді дайындау, жабдықты жеткізушілерді іріктеу және оны жеткізуге келісім-шарт жасау жүргізілуде.

EuroChem Group AG — «ЕвроХим»  (EuroChem Group AG) — азот, фосфор және калий тыңайтқыштарын шығаратын белгілі әлемдік өндірушілерінің бірі, тыңайтқыштарды өндіруді, логистиканы және дистрибуцияны қоса алғанда, тікелей интеграцияланған құрылымы бар. «ЕвроХима» компаниясының қызметі пайдалы қазбалар мен көмірсутектерді өндіру, сондай-ақ тыңайтқыштарды өндірумен айналысады.