24 мая 2022 Қазақстан

АНК таза пайдасы 2021 жылы 53%-ға қысқарды

2021 жылғы 31 желтоқсандағы аудиттелгендеректерге сәйкес Аграрлық несиелік корпорацияның таза пайдасы 8,695 млрд теңгені құрады, бұл 2020 жылғы 31 желтоқсандағы көрсеткіштен 53% - ға аз. Бұл туралы ElDala.kz KASE-де жарияланған компанияның 2021 жылғы қаржылық нәтижелері бойынша аудиторлық есебіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

АНК жиынтық активтері 2021 жылы 47% – ға өсті және 2021 жылғы 31 желтоқсанда 806,485 млрд теңгені құрады, міндеттемелер 38% - ға, 535,795 млрд теңгеге дейін өсті.

Корпорацияның меншікті капиталы 69% - ға артып, 270,689 млрд теңгені құрады.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы Аграрлық несие корпорациясы 11 бағыт: мал шаруашылығы, құс шаруашылығы, өсімдік шаруашылығы, сақтау және өңдеу және т.б. бойынша жалпы сомасы 53,1 млрд. теңгеге 69 инвестициялық жобаны қаржыландырды. АНК қарыз алушылары 76,5 мың ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер болып табылады.

2021 жылдың соңында "Бәйтерек" холдингі екі еншілес ұйымды - Аграрлық несие корпорациясы мен Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорын біріктіруді аяқтады. 13 желтоқсаннан бастап АШҚҚҚ клиенттерінің несиелері бойынша барлық міндеттемелер АНК-ға өтті, микробизнесті несиелеу, агроөнеркәсіптік кешендегі сақтандыру бойынша операторының функциялары және "Дипломмен ауылға!" жобасының шеңберінде ауылдық ипотека жөніндегі сенімгердің (агенттің) функциялары берілді. "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қорына несиелерді кепілдендіру бойынша "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" АҚ функционалы берілді.

Ағымдағы жылы "ҚазАгроҚаржы" АҚ "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ қарамағына өтеді деп күтілуде.