ҚҚС-ты төмендету есебінен азық-түлік тауарларын өндірушілерге 8,7 млрд теңге көлемінде көмек көрсетілді
Қазақстанда төтенше жағдай режимі енгізілгеннен кейін азық-түлік тауарларын өндірушілерге көмек көрсетілді. Бұл туралы бүгін брифингте Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов мәлімдеді.
«Жыл соңына дейін әлеуметтік маңызы бар 19 азық-түлік тауарлары бойынша ҚҚС 12% — дан 8%-ға дейін төмендеді. Соның нәтижесінде тауар өндірушілерге 8,7 млрд теңге көлемінде көмек көрсетілді», — деді Тоғжанов.
Ол сондай-ақ, төтенше жағдай кезінде ҚР-дың барлық аймақтарында азық-түлік тауарларын сақтайтын тұрақтандыру қорлары құрылғанын хабарлады. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Светлана Жақыпова хабарлады-деп жазылды primeminister.kz сайтында.
Сонымен қатар, Ералы Тоғжанов егіс жұмыстарын атқару кезіндегі мәселелер туралы қозғады.
«Көктемгі егін егу бойынша жоспарланған жұмыстар үшін қазақстандық фермерлерге «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы 5% мөлшерлемемен 70 млрд теңге бөлінді. Бұл қаражат жыл сайынғы сомадан 10%-ға артық. Аталған шара аясында 2 405 аграрлық мекеме қамтылатын болады», — деп мәлімдеді вице-премьер.