Қостанай облысында өсімдік шаруашылығына субсидия 1 млрд теңгеге дейін артады
Қостанай облысының әкімдігі "2022 жылға арналған басым дақылдардың тізбесі мен субсидиялар нормаларын, сондай-ақ өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға арналған бюджет қаражатының көлемін бекіту туралы" қаулыға түзетулерді бекітуді жоспарлап отыр. Жаңа қаулыда субсидия сомасы екі есеге артады.
Қолданыстағы қаулыда өсімдік шаруашылығын субсидиялауға жергілікті бюджеттен 500 млн теңге қарастырылған.
Бұл сомаға республикалық бюджеттен тағы 500 млн теңге қосылады. Нәтижесінде субсидиялаудың жалпы сомасы 1 млрд теңгені құрайды.
Тақырып бойынша оқыңыз: 2021 жылы инвестициялық субсидия алушылардың ҮЗДІК-25
Бұдан бұрын хабарланғандай, биылдан бастап Қостанай облысында күнбағыс және қарақұмық тұқымдарын қайта өңдеуге тапсыру кезінде фермерлерге субсидия төлеу басталады. Бұл мақсатқа облыстық бюджетте 500 млн теңге қарастырылған. Облыстың қайта өңдеу кәсіпорындарына өткізу кезінде ауыл шаруашылығы өндірушісі майлы тұқымның әрбір тоннасына 20 800 теңге, қарақұмыққа 15 000 теңге субсидия алады.