ҚР-дағы ауыл шаруашылығы жерлерін жосықсыз жер қойнауын пайдаланудан қорғайды
ҚР Жер ресурстарын басқару комитеті жер қойнауын пайдалану құқығы негізінде жер учаскелерін дереу ресімдеу жөніндегі норманы алып тастау бөлігінде заңнамаға өзгерістер енгізуге бастама жасауға ниетті. Бұл туралы комитет төрағасы Мұрат Теміржанов мәлімдеді.
Оның айтуынша, жер қойнауын пайдаланушылардың фермерлік шаруашылықтармен шектесетін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерде кең таралған және басқа да пайдалы қазбаларды өндіруі ауыл тұрғындары мен ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің өзекті әрі маңызды мәселелерінің бірі болып табылады.
"Жер қойнауын пайдаланушылар көбінесе экологиялық және басқа да заңнама нормаларын бұзады және олар тиісті түрде жерді қайта құнарлау жүргізбейді, бұл фермерлік шаруашылықтар мен жақын маңдағы елді мекендердің тұрғындары тарапынан наразылық тудырады", - деп хабарлады Теміржанов.
Тақырып бойынша оқу: Қазақстанда 600 мың гектардан астам ауыл шаруашылығы жері тәркіленді
Ол жер заңнамасы аясында жер қойнауын пайдаланушыларға қолда бар жер қойнауын пайдалану құқығы негізінде жер учаскесіне тиісті құқықты кедергісіз алуға мүмкіндік беретін норма қарастырылғанын атап өтті. Бұл ретте жергілікті әкімдіктер аталған нормаға сілтеме жасай отырып, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді, оның ішінде елді мекендердің айналасындағы жайылымдық жерлерді ұсына отырып, фермерлік шаруашылықтар мен жергілікті тұрғындардың мүдделерін ескермейді, деп нақтылады Теміржанов.
"Осыған байланысты, біздің тарапымыздан дұрыс қадам жер заңнамасына және жер қойнауы туралы заңнамаға жер қойнауын пайдалану құқығы негізінде жер учаскелерін дереу ресімдеу жөніндегі норманы алып тастау бөлігінде өзгерістер енгізуге бастама жасау, сондай-ақ жер беру кезінде елді мекендердің немесе фермерлік шаруашылықтардың тұрғындарынан келісім алу және шекаралас шаруашылық жүргізуші субъектілердің мүдделерін есепке алу бойынша міндетті талап енгізу болады деп ойлаймын",- деп атап өтті комитет басшысы.