05 августа 2020
Майлы дақылдар
Ауыл шаруашылығы министрлігі күнбағыс тұқымын экспорттауға рұқсат берді
Қазақстан Ауыл шаруашылығы министрлігі күнбағыс тұқымын республика аумағынан басқа үшінші елдерге әкетуге рұқсат (құжаттар арқылы) беріле бастағандығын хабарлады.
Қазіргі уақытта АШМ күнбағыс тұқымын экспорттауға 49 рұқсат берді. Өнім Өзбекстан мен ҚХР-ға жіберіледі.
Естеріңізге сала кетейік, ЕАЭО-ға кіретін Қазақстан аумағынан күнбағыс тұқымын әкетуге рұқсат беру тәртібі 2020 жылдың 31 тамызына дейін белгіленген болатын.
АӨК мемлекеттік инспекция комитетінің аумақтық бөлімшелері шілде айының соңында экспортқа рұқсат беру үшін өтініштер қабылдай бастады.
Берілген рұқсаттардың толық тізімімен АШМ сайтында танысуға болады.