10:29 Майлы дақылдар

Қазақстанда майлы дақылдардың рекордтық өнімі күтілуде

Қазақстанда ағымдағы жылы 4 млн тонна майлы дақылдар және 24 млн тонна астық жиналады деп болжануда. Бұл туралы үкімет отырысында ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров мәлімдеді.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, 23 қыркүйектегі таңғы жағдай бойынша 10,2 млн га астық жиналды, 15,5 млн тонна астық бастырылды, орташа өнімділігі 15,2 ц/га. Сондай-ақ 700 мың тоннаға жуық майлы дақылдар жиналды. Биылғы жылы шамамен 4 млн тонна көлемінде майлы дақылдардың рекордтық өнімі күтілуде.

«Ағымдағы жылдың өнімі ішкі нарықтың азық-түлікке деген қажеттілігін толық қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бидай егістерінің 1 млн гектарға жуық қысқаруына қарамастан, өнімділіктің жоғарылауына байланысты жалпы өнім өткен жылғы деңгейде болады деп күтілуде: орташа өнімділік - бір жыл бұрынғы 14,3 ц/га-ға қарсы 14,6 ц/га», - деп атап өтті Ауыл шаруашылығы министрлігінің басшысы.

Астық өндірісі ішкі қажеттіліктен алты есе жоғары, бұл нарықты қайта өңдеу өнімдерімен толық қамтамасыз етуге кепілдік береді.

Күнбағыс тұқымын жинау 2 млн тонна көлемінде күтілуде, бұл нарықты май-тоңмай өнімдерімен толық қанықтыруға мүмкіндік береді.

«Жалпы, астық бойынша болжам 24 млн тонна деңгейінде бағаланады, бұл ішкі нарықтың азықтық астыққа, жем-шөпке, тұқым материалына қажеттілігін толық көлемде қамтамасыз етуге, сондай-ақ экспорт көлемін сақтауға мүмкіндік береді. Бұл ретте астықты теңіз порттарына экспорттау шығындарын өтеуге субсидияларды ұзарту астықты жаңа нарықтарға экспорттауды жеңілдетеді», - деді Айдарбек Сапаров.

Ол сондай-ақ картоптың өнімділігі 2,7 млн тонна деңгейінде болжанып отырғанын, бүгінгі таңда 1,8 млн тоннадан астам өнім жиналғанын атап өтті. Егістіктегі картоптың құны кг үшін 90-120 теңгені құрайды.

Сондай-ақ, 700 мың тоннадан астам пияз жиналды, ол егістіктен бір кг үшін 50-60 теңгеден сатылады. Фермерлерде сату үшін 300 мың тонна көлемінде қор қалыптастырылды. 300 мың тонна сәбіз жиналды, фермерлерде кг үшін 85-95 теңгеден шамамен 100 мың тонна сәбіз бар.