Қазақстан үш жылдан бері зығыр өндірісінде көш бастап келеді
2020 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан зығыр өндірісінде әлемдік нарықта көшбасшы орынды сақтап қалды. Бұл туралы ElDala.kz порталына Қазақстан астық одағының сарапшысы -ресми өкілі Евгений Карабанов хабарлады.
Ұлттық статистика бюросы 2020 жылғы зығыр дақылы туралы мәліметтерді жариялады. Зығыр өнімі жиналған алқап көлемі 1 млн 342,5 мың га құрады, өнім - 0,79 т / га. болды. Жалпы, өндіріс мөлшерін статистика мамандары 1 миллион 58,4 мың тоннаға бағалап отыр.
Алайда, Қазақстанның астық одағы өз мәліметтерін дайындады. Мұндағы көрсеткіш ресми санмен салыстырғанда айтарлықтай өзгеше.
Атап айтқанда: жиналған алқап – 1 225 мың га, өнімділік - 0,72 т / га. Жалпы өндіріс - 883 мың тонна. Докедж - 100 мың тонна, шартты өндіріс - 733 мың тонна. 2020/2021 маусымының басындағы қалған қор 51,8 мың тоннаны құрайды. Жалпы жеткізілім - 790,2 мың тонна.
- Біздің жасаған есептеулеріміздің дұрыстығын 2021 жылдың 1 қаңтарындағы зығырдан қалған қор растайды, - деп атап өтті Евгений Карабанов. - Ұлттық статистика бюросының мәліметтері бойынша ол 582,8 мың тоннаны құрайды. Мәлімет бойынша, бұл 578,6 мың тонна болады, ал 2020 жылдың қыркүйек-желтоқсан айында экспортталғаннан соң - 193,8 мың тонна (Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау департаментінің мәліметтері) қалады және қайта өңдеу (қыркүйек-желтоқсан) - 17,8 мың. тонна болады. Барлығы, 790,2 - 193,8 - 17,8 = 578,6 мың тонна. қалады.
Тақырыпқа байланысты оқу: Күнбағыс майы одан әрі қымбаттайды
Қазақ зығырының негізгі сатып алушылары Бельгия - 205 мың тонна, Қытай - 150 мың тонна, Польша - 65 мың тонна болды. Сонымен қатар, елде 30 мың тонна зығыр майы өндіріліп, оның 26 мың тоннасы экспортқа шығарылды.
Еске сала кетейік, 2018 жылы зығыр өндірісінде 719 мың тонна көлемімен (әлемдік өндірістің 26% -ы) әлемдегі көшбасшы Қазақстан болды.