22 июля 2022 Әлем

ЕАЭО-да рапс майының тестілік биржалық сауда-саттығы өтті

Рапс майының тестілік саудасы 21 шілдеде Беларуссияның әмбебап тауар биржасында өтті. Сауда-саттыққа Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің шаруашылық жүргізуші субъектілері мен биржалары (қатысушылар ретінде), сондай-ақ мемлекеттік органдардың және Еуразиялық экономикалық комиссияның өкілдері (байқаушылар ретінде) қатысты. Бұл туралы ElDala.kz ЕЭК баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Беларусь әмбебап тауар биржасының өкілдері нақты жұмыс схемасын көрсетті, оның барысында ЕАЭО елдерінің резидент еместері тегін тіркеліп, ЕАЭО аумағы бойынша тасымалдау мүмкіндігімен рапс майын сатып алу мен сатуды қашықтықтан жүзеге асыра алды.

Мәмілелер одақ елдерінің кез келген ұлттық валютасында жүзеге асырылды.

Тестілік сауда-саттықтар Беларусь тарапы ұсынған ЕАЭО тауарларының ортақ биржалық нарығын қалыптастыру схемасының бірінші кезеңі шеңберінде сауда шарттарын модельдеуге және пысықтауға мүмкіндік берді. Екінші кезеңде ұлттық биржалардың қанағаттандырылмаған өтінімдері халықаралық модульге одан әрі қарсы ұсыныстарды іздеу және одақ елдерінің басқа биржаларының қатысушыларымен мәмілелер ресімдеу үшін жіберілуі мүмкін.

Бизнес өкілдері тестілік сауда-саттықтың ұйымдастырылуын жоғары бағалап, Беларусь әмбебап тауар биржасында нақты сауда-саттыққа қатысуға қызығушылық білдіргені хабарланады.

Тақырып бойынша оқу: Қазақстан Түркияның ауыл шаруашылығы өнімдерінің биржалық саудасындағы тәжірибесін зерделеуде

Естеріңізге сала кетейік, Одақтың ортақ биржалық тауар нарығын қалыптастыру-2025 Стратегиясында көзделген. Одақтың ортақ биржалық тауар нарығын қалыптастыру тұжырымдамасын 2023 жылдың ортасына дейін, ал оны іске асыру бағдарламасын 2024 жылғы 31 желтоқсанға дейін бекіту жоспарлануда.