Кеше Әлем

Еуропада картоптың бағасы екі есе төмендеді

Ерте картоптың жоғары өнімділігі бағаның төмендеуіне әкелді. Бұл туралы agrarheute.com хабарлады.

Сарапшылар картоп өнімін Германияда ғана емес, Батыс Еуропаның басқа елдерінде - Нидерландыда, Бельгияда және Францияда өте жоғары деп бағалайды. Егістік алқаптарының едәуір кеңеюі және өте жақсы өнімділік ұсыныстың көптігіне және бағаның төмендеуіне әкеледі.

Германия, Франция, Бельгия және Нидерландыда картоп өсіру алаңы 600 мың гектардан асады. Бұл 2024 жылмен салыстырғанда 7,5%-ға көп.

Картопты жинау басталғаннан бері баға өткен жылмен салыстырғанда екі еседен астам төмендеді. Толассыз жауған жаңбырдан егін жинау науқаны үзілгенімен, жиналған картоптың шығымы мен сапасына фермерлер өте риза.

Тек бағаның төмендеуі, әсіресе өнеркәсіптік сұрыптардың бағасы алаңдатады. Қайта өңделген картоптың бағасы шілде айының соңына қарай тоннасына 108 евроға дейін төмендеді. Бұл төрт жылдан астам уақыттағы ең төменгі баға.

Асханалық қартопқа келетін болсақ, қазір бағасы тоннасына 280-ден 290 евроға дейін. Шілде айының басында оның құны 390-дан 400 еуроға дейін, ал бір жыл бұрын 600 еуроға дейін болды.

Ең алдымен, өндірістің өсуіне байланысты нарыққа келісімшарттармен байланысты емес көптеген тауарлар келеді.

Екінші жағынан, соңғы екі маусымда бағалар өте жоғары көтерілді және бағаның қазіргі құлдырауын белгілі бір дәрежеде әділ деңгейге оралу деп санауға болады.