23 марта 2020
Әлем
Еуроодақ майлы дақыл астығының 2020 жылға болжап айтылған мөлшерін азайтты
Еуропалық астық трейдерлер ұйымы (COCERAL) Еуроодақтағы майлы дақылдар түсімінің болжамын ағымдағы жылы 29,7 млн тоннадан 28,6 млн тоннаға дейін төмендетті, деп хабарлады Зерно Он-Лайн агенттігі.
ЕО-да 2019 жылы майлы дақыл мөлшері 27,6 млн тонна болған еді.
Рапстың жалпы мөлшері өткен жылғы нәтижеден асып, 15,9 млн тоннаға (2019 жылы 15,0 млн т) жетеді деп күтілуде, соя өнімі де ― 3,0 (2,8) млн тонна болады.
Күнбағыс өнімі, болжам бойынша, 2019 жылдағыдай 9,8 млн тоннаға тең болады деген болжам бар.