ЕЭК Ресейге Қазақстаннан әкелінетін қызанақ пен бұрыш импортына салынған тыйымды кедергі деп жариялады
Еуразиялық экономикалық комиссия Ресейден Қазақстанға қызанақ пен бұрыш әкелуге қойылған шектеулерді заңсыз деп таныды. Бұл туралы ҚР Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
ЕЭК Алқасы Ресей Федерациясының 16 наурызда қазақстандықтарға салған тыйымын заңсыз деп таныды. Аталған мәселе бойынша пікірталас қорытындысы бойынша ЕЭК Алқасы өткен жылдың соңында Россельхознадзор орнатқан тыйым заңсыз және тосқауыл деп танылды деп атап өтті Сауда министрлігі.
Шешімге сәйкес, Ресей Федерациясы бір ай ішінде белгіленген тыйымдардан бас тартуы керек.
2020 жылдың 16 желтоқсанынан бастап Россельхознадзор Қазақстанның облыстарында қызанақ қоңыр ругоза вирусы (Tomato brown rugose fruit virus) бар деген себеппен Павлодар облысынан, ал 2021 жылдың 18 қаңтарынан бастап Ақтөбе және Алматы облыстарынан қызанақ пен бұрыш әкелуге тыйым салды. Алайда, ЕАЭО заңнамалық базасына сәйкес, фитосанитарлық бақылау және тыйым қойылатын шаралар келісілген тізімдегі вирустарға қатысты ғана қолданылады.
Тақырыпқа байланысты оқу: Қазақстан ЕЭК –ке Россельхознадзор салған тыйымдар жайлы айтып, шағымданды
«Россельхознадзор бекітілген келісімдерді бұзып, өздігінен бақылау жасап, қазақстандық өнімді әкелуге тыйым салды. Біз жеке зерттеулерімізді Нидерландыда жүргіздік, онда қазақстандық қызанақ пен бұрышта вирустың жоқтығын дәлелдеді. Біздің бастамамызбен бұл мәселе ЕАЭО органдарының сайтында осы жылдың қаңтар-ақпан айларында бірнеше рет қаралды. Ресейлік компаниялардан басқа барлық серіктестер бізді қолдады. Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесе жасаған жұмыс нәтижесінде салынған шектеулерді алып тастауға қол жеткіздік. Сонымен бірге, жалпы алғанда, қазақстандық өнімдерді әкелуге тыйым салу әлі де жалғасуда», - деп хабарлады Сауда министрлігі.
Министрліктің мәліметінше, тыйым салынғаннан бері қазақстандық кәсіпорындар 200 млн теңгеден астам шығынға ұшырады.