Өзбекстандық MAKRO сауда желісі Қазақстаннан әкелінетін өнімдерге қызығушылық танытуда
Өзбекстандағы ірі сауда желісі MAKRO басшылығы сәуір айында азық-түлік және басқа да тауарларды өндірушілермен Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында бірқатар кездесулер өткізді. Аталған іс -шараны KazakhExport экспорттық сақтандыру компаниясы ұйымдастырды, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.
Кездесулерге 50-ден астам қазақстандық өндірушілер қатысты, соның ішінде «Маслодел», «Бижан», «Цесна», RG Brands, «Камертон», Raimbek, MPS және басқалары. Қазақстанның тауарларын MAKRO желісінің сөрелеріне қою мәселесін Қазақстанның барлық аймақтарынан әкелу туралы ынтымақтастық келісімдер жасалды.
MAKRO логистика департаментінің директоры Александр Борзовтың айтуынша, бүгінде супермаркет пен гипермаркет желісі қауіпсіз және сапалы тауарлармен қамтамасыз етіп, қолайлы сауда жасауды ұсынады. Бұл компания сауда желісін кеңейтуді жоспарлап отыр.
«Біз өз қызметіміздің ауқымын Өзбекстанда және бүкіл Орта Азияда да кеңейтуді жоспарлап отырмыз. 2021 жылы MAKRO тағы 20 супермаркет пен 80 экспресс базар ашуды жоспарлап отыр. Біз өз желіміздің жақсы дамитынына сенеміз, өйткені Өзбекстандағы тұтынушылар да көрші Ресей мен Қазақстан адамдары секілді базарлардан дүкендерге ауысып сауда жасайтын болады», - деп атап өтті ол.
Тақырыпқа байланысты оқу: Өзбекстан Қазақстаннан жеткізілетін сиыр етіне салған шектеуді алып тастады
KazakhExport басқарма төрағасының орынбасары Аслан Калигазиннің айтуынша, MAKRO желісі сияқты ірі желілермен серіктестік қазақстандық компаниялардың өсуін, ең бастысы бүкіл Орталық Азия бойынша жергілікті брендтердің танылуын қамтамасыз етеді. «MAKRO жоғары стандарттар бойынша жұмыс істейді және Өзбекстан нарығында мықты сауда желісі болып табылады. Мысалы, 2021 жылдың бірінші тоқсанының соңында олар ISO 9001 және 22000 екі стандартына сәйкес интеграцияланған жүйені енгізуді жоспарлап отыр», - деді ол.
Айта кетейік, 10 сәуірде Қазақстан мен Өзбекстан премьер-министрлері «Орталық Азия» Халықаралық сауда-экономикалық ынтымақтастық орталығының (ХСЭЫО) құрылысын бастады. Қазақстан Республикасы Сауда министрлігінің хабарлауынша, ХСЭЫО -ның іске қосылуы аймақаралық және шекаралық сауда қатынастарының жаңа жүйесін құруға мүмкіндік береді.
Аталған орталықты іске қосуда азық-түлік өнімдерін (ұн өнімдері, макарон өнімдері, кондитерлік өнімдер, май және май өнімдері, ет өнімдері), жеміс-көкөніс өнімдері мен азық-түлікке жатпайтын өнімдер өндірісі бойынша кластерлік ынтымақтастық жобаларын құру мүмкіндігі бар. Ауғанстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Қытай, ЕАЭО елдері және Орталық Азия аймақтарындағы сату нарықтары $21 млрд қаражаттан асады.
Сауда министрлігі сондай-ақ еуразиялық сауда ағындарының дамуының өзегіне айналуы керек сауда хабтарының бірлескен жүйесін құруды ұсынады.
Тақырыпқа байланысты оқу: KazBeef Дубайға сиыр етін экспорттай бастады
«500 км радиуста орналасқан 9 млн-нан астам халқы бар Ташкент және Шымкент агломерациялары Орталық Азияның барлық тұрғындарының 15% құрайды. Сондықтан да экономикалық тұрғыдан бірін-бірі толықтыруға жағдай бар, әсіресе ауыл шаруашылығы мен тамақ өнеркәсібінде жақсы мүмкіндік жасалған», - деді сауда министрі Бақыт Сұлтанов.
Ташкент облысы Қазақстан үшін Тәжікстан, Ауғанстан және Пәкістан бағытындағы маңызды транзиттік пункт болып табылады.