Ұн экспортына тыйым салу экономикаға әсер етеді-өңдеушілер пікірі
Қазақстан ұн өндірушілерінің пікірі бойынша, ұнды сыртқа шығаруға үкімет тарапынан тыйым салу республика экономикасына кері әсерін тигізеді, деп жазды Forbes.
Мысалы «Мутлу» ұн тарту компаниясының директоры Дос-Мукасан Таукебаев былай деді: егер 2018 жылы ҚР-да 350 диірмен кешені жұмыс істесе, 2019 жылдың қорытындысы бойынша олардың саны 260 болған, қалған 90-ы бұзылған. Басты себептердің бірі-бұрын ұн жіберілген көрші елдер өздерінің ұн тарту бизнесін дамытып, қазақстандық ұнға тосқауыл ретінде баж салықтарын енгізіп, оларды импорттық астық үшін нөлге айналдыра бастады. Сонымен қатар, үшінші елдерге ұнды транзит ретінде тасымалдау үшін теміржол тарифтері артты.
Осыған байланысты қазіргі уақытта Қазақстанда бидай мен ұнның қоры жеткілікті мөлшерде. Ал ұнды өңдеушілер оның мөлшері көп дейді. Коронавирустың таралуына байланысты қазіргі жағдай азық-түлікке тапсырыс бар уақытта, соның ішінде Қазақстанмен көршілес елдерден сұраныс бар кезде, кеткен шығынның орнын толтыруға болар еді. Бірақ ұн экспортына тыйым салу жоспарды іске асыруға кедергі болып отыр.
Ал бидай экспортына тыйым салынбағандығы таң қалдыратын жағдай, деді ұн өндірушілер.
«Барлық елдер өздерінің отандық кәсіпорындарын қолдауға тырысады және бұл дұрыс көзқарас. Мысалы қазір шекарада астықтың тоннасы шикізат күйінде $215, ал ұнның тонасы — $350. Егер ұнды сатсақ, біз елімізге валюта түрінде бір жарым есе артық пайда әкелеміз.Сонымен қатар астықты шетелге шығару үшін үш адам жеткілікті, ал ұнды сататын болсақ, 150 адам жұмыс істейді. Бұл біз үшін жұмыс орны ғой», — дейді Дос-Мукасан Таукебаев.
Сонымен қатар, бұл жағдайда көршілес елдерден бәсекелестер жағдайды пайдаланып, олар астықты өздерінде өңдеу үшін сатып алатын болады. Олар Қазақстанның ұнмен қамтамасыз етілуі жайлы ойланбайды. Отадық ұн шығарушы орындар кез келген мөлшерде сауда орталықтарын ұнмен қамтамасыз ете алады.
«Қазақстан жылына 1 млн 800 мың тонна ұн тұтынады. Қазақстанда астық өндіру үшін қыркүйек айында жаңа өнім алатынымызды ескерсек, бұл мөлшер жеткілікті. Оның үстіне артық қор бар, тапшылық болмайды», — деді ұн өндіруші.
Маманның пікірінше, елдегі проблемалар ұнның жетіспеушілігінен емес, тыйым салудан туындауы мүмкін, деп санайды. Ұн өндіру саласын қолдау үшін, ұнды экспорттауға рұқсат ету керек. Әйтпесе, ішкі нарықта өзгерістер болуы мүмкін, себебі ұн өндірушілердің өнімін өткізетін жер болмай, олар жұмысын тоқтатады.
«Бұл жағдайда адамгершілік тұрғыдан да қарау керек, себебі біз келісім шарттар жасап қойғанбыз, атап айтсақ, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан, Өзбекстан, Ауғанстандағы сатып алушылар біздің ұнды күтуде», деп өз ойын айтты Дос-Мукасан Таукебаев.