Қазақстан Қырғызстанға 800 мың тонна ұн берді
Қазақстан Қырғызстанға гуманитарлық көмек ретінде 800 тонна ұн жіберді. Бұл аталған көмектің бірінші легі болып саналады.Мұндай ақпаратты ҚР Сыртқы істер министрлігі хабарлады.
Аталған гуманитарлық көмек 29 сәуір күні Бішкек қаласына жеткізілді. 12 вагон жүк темір жолмен барлық санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып, жіберілді.
«Пандемияға қарсы қиын кезеңде өз көршілеріне қолдау көрсету мақсатында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан мен Тәжікстанға жалпы сомасы 3 млн. АҚШ доллары тұратын 5 мың тонна ұн беру туралы шешім қабылдады», — деді баспасөз қызметінде.
Гуманитарлық көмек Қырғыз Республикасы Үкіметінің жанындағы Мемлекеттік материалдық резервтер қорының қоймаларында орналастырылды.
Қырғызстанның ауыл шаруашылығы, тамақ өнеркәсібі және мелиорация министрі Эркинбек Чодуев қырғыз халқы Қазақстан Үкіметі көрсеткен көмекті жоғары бағалайды деп мәлімдеді. Ол бауырлас қазақ халқына қолдау көрсеткені үшін ризашылығын білдіреді
Сонымен қатар, Қазақстанда COVID-19 пандемиясының таратылуына байланысты ТЖ режимі енгізілгеннен кейін ұн экспортына шектеу енгізілді. Сәуір айында ұнды тиеп жөнелтуге квота 70 мың тонна көлемінде белгіленді, мамыр айында ол 150 мың тоннаға дейін өсті. Аталған нарыққа қатысушылардың айтуынша, салынған шектеулердің нәтижесінде Қазақстанның диірмендерінде 300 мыңнан астам ұн жиналып тұр, оны өндірушілер сата алмайды.