13 мая 2020 Ұн

АШМ ұн экспортына квота беру үшін қосымша өтінім қабылдайтындығы туралы жариялады

Қазақстанның Ауыл шаруашылығы министрлігі мамыр айында ұн экспортына квота алушыларға қосымша өтінім қабылдайтындығы жайлы хабарлады.

2020 жылдың мамыр айына берілетін ұн экспортының қосымша көлемі 6 588 тоннаны құрайды, деп хабарлады АШМ.

Аталған квоталарды сәуір айында экспортқа рұқсат алған, бірақ белгіленген көлемде ұн тиеп үлгермеген өтініш берушілердің  арасында бөлетін болады.

 «Квота көлемі 2020 жылдың сәуір айында берілген квота бойынша жөнелтілмеген көлемге сәйкес келуі тиіс», — деп атап өтті АШМ.

Өтінімдер 14 мамыр күні сағат 18.00-ге дейін Қазақстанның астық өңдеушілер одағы арқылы PDF форматында электронды мекен-жайға қабылданады: info@kaznan.kz.

«Қазақстанның астық өңдеушілер одағы» ЗТБ басшысы

Ган Евгений Альбертович,тел.+7 701 511 9005.

 Жетекші маман-Жестовская Александра Александровна, тел – +7 701 514 5875.