22 июня 2020 Көкөністер мен жемістер

Түркістан облысында 245,4 мың тонна ерте пісетін көкөністер жиналды

Түркістан облысында бір егіс алқабынан жылына 2-3 түрлі дақыл жинау жобасы белсенді түрде жүзеге асырылуда. Қазіргі таңда облыста 245,4 мың тонна ерте пісетін көкөніс, 11 мың тонна ерте пісетін бақша дақылдары, 22,3 мың тонна картоп, 2 мың тонна жемістер мен көкөністер жиналды. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Бір алқаптан 2-3 дақыл алу жобасын іске асыурға 127 ауылдық округтегі 1668 агроқұрылым қатысуда. Нәтижесінде, 4,3 мың гектар егіс алқабынан еңбеккерлер екінші өнім жинауға дайындалып жатыр.

«Шаға ауылдық округіндегі 177 шаруа қожалығы үш кооперативке біріктірілді,  886 га жерге суару технологиясы қолданылуда, сондай-ақ 733 га жерге күздік бидай, 260 га алқапқа жоңышқа, 312 га жүгері егілді. Жыл соңына дейін 1099 га алқапқа суғаратын 20 қондырғы орнатылып, жалпы аумағы 1985 га болады деп жоспарланған», - деді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұркен Бадыраков кездесу барысында.

Әкімдіктің баспасөз қызметі биыл Түркістан облысында ауыл шаруашылығының даму қарқыны жақсы екендігін  атап өтті. Жыл басынан бері тамшылатып суару әдісі 1,7 мың га жерге енгізіліп, жалпы ауданы 19,3 мың гектарға жеткені хабарланды.

Жылыжай алаңы 55,02 гектарға ұлғайды және қазір 1 168 га құрайды. Бүгінгі таңда облыстың жылыжайларында 88,2 мың тонна өнім өндірілуде, оның ішінде 32 мың тонна қияр, 55,2 тонна қызанақ, 130,7 тонна қырыққабат, 656,8 тонна бұрыш жиналуда.

Сонымен қатар, 4 млн. тонна жем сатып алу жоспарланған, оның 727,2 мың тоннасы қазірдің өзінде сатып алынды.

Айта кету керек, облыстың ауылшаруашылық өнімі 140 млрд теңгеге жетті, нақты көлем индексі 102,1% -ды құрады. Жыл соңына дейін ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 77 млрд. теңгеге артып, 706 млрд. теңге болады деп жоспарланып отыр.