Түркістан облысында құны 1,6 млн доллар көкөніс қоймасы салынады
Түркістан облысының әкімдігі Сианьға сапары кезінде қытайлық Shaanxi Foreign Economic and Trade Group компаниясымен көкөніс қоймасын салу туралы Меморандумға қол қойды. Жоспар бойынша бұл Қазақстандағы ең ірі қойма болады, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Жобаның құны 1,6 млн долларды құрайды. Көкөніс қоймасының құрылысы үш кезеңде жүргізілетін болады.
Сондай-ақ, Түркістан облысы әкімдігінің делегациясы Сианьда екі елдің бизнес-форумына қатысты, оның қорытындысы бойынша бірқатар құжаттарға қол қойылды. Атап айтқанда, ауыл шаруашылығы үшін дрондар өндіру, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсірудегі ынтымақтастық және т.б. туралы келісімдерге қол жеткізілді.
Бұған дейін Түркістан облысы Қазақстандағы жеміс-көкөніс өнімдерінің негізгі жеткізушісі болып табылатыны хабарланған болатын. Өңірде 1,6 мың га алқапта жылыжайлар жұмыс істейді және жылыжай кешендерінің саны артып келеді.