24 марта 2020 Көкөністер мен жемістер

Қазақстанда органикалық көкөністерді өсіруді дамытқан дұрыс, дейді сарапшылар

Қазақстанда көкөніс өнімдерінің органикалық өндірісін дамытуға байланысты мемлекеттік бағдарламалар  қабылдау қажет, деп мәлімдеді Ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, ҚазҰАУ профессоры, «Бау-бақша және көкөніс шаруашылығы» ғылыми-инновациялық орталығының директоры Теміржан Айтбаев. Бұл туралы ол  «КазахЗерно.kz» -ке  берген сұхбатында айтты.

Қазақстанның топырақ-климаттық жағдайлары көкөністердің алуан түрлерін өсіруге  мүмкіндік береді. Сонымен қатар, Теміржан Айтбаевтың пікірінше, осылайша ел ішкі нарықты толығымен қамтамасыз етіп қана қоймай, көкөніс өнімдерін сыртқа  экспортқа шығара алады.

Қазақстанның басқа елдерден артықшылығы  экологиялық таза көкөністерді өсіруге мүмкіндігі бар. Бұл тұрғыда органикалық көкөніс шаруашылығын дамыту керек, дейді профессор.

«Органикалық көкөніс өнімдерін өсіруді дамытуға байланысты  мемлекеттік бағдарламаны қабылдау қажет. Мысалы органикалық картоп, көкөніс-бақша және жеміс-жидек өнімдерін өндіру бойынша кешенді бағдарлама әзірлеуге болады», - дейді Теміржан Айтбаев.

Статистикалық мәліметтер бойынша, қазіргі кезде Қазақстан көкөністерге деген ішкі қажеттілікті толығымен қамтамасыз ете алады. Егер картоп, көкөніс және бақша өнімдерін тұтыну мөлшері орта есеппен 25-30% - ға дейін өссе де, елді қамтамасыз ету 100% - дан асады. Мысалы жаңа піскен көкөністерді тұтыну кезінде қажеттілік  туындайды. Демек, қорғалған топырақ бағытында жұмыс істеу керек. Яғни еліміздің жылыжай шаруашылығын дамыту қажет.

Профессор елдегі ірі көкөніс шаруашылығы тек 10% - ды құрайтынын атап өтті. Қалған пайызы соңғы жылдары көкөніс өсірумен аз айналыса бастаған көкөніс өсірушілерге тиесілі.

Теміржан Айтбаевтың пікірінше, мұның басты себебі-суару жүйесінің қиындығы және су көздері көлемінің азаюына, сондай-ақ жеке қосалқы шаруашылықтар үшін жергілікті тұқымдардың жеткіліксіз болуына байланысты судың жоқтығы немесе жетіспеуі себеп болып отыр.

Көптеген ұсақ шаруашылықтарда көкөніс өндірісі жүйелі түрде жүргізілмейді. Фермерлер өткен жылы үлкен сұраныс пен  бағасы жоғары болған көкөніс түрлерін өсіреді. Бірақ көкөністерге деген сұраныс пен баға үнемі өзгеріп отырады.

«Мұндағы  барлық көкөніс өсірушілердің басты мәселесі — өнімді тұрақты түрде, тиімді бағамен кепілдікпен  өткізудің жоқтығы. Басқа да көптеген проблемалар бар. Шағын және орта шаруашылықтарда негізінен моральдық және техникалық тұрғыдан ескірген құралдары бар, сонымен қатар көкөніс сақтау қоймалары жоқ, білікті мамандармен қамтамасыз етілмеген және көкөніс дақылдары тұқымына және көкөніс өндірісіне субсидия алмайды», — деп атап өтті Теміржан Айтбаев.

Дегенмен, Қазақстанда көкөніс өсірумен айналысу тоқтап қалды деп айтуға болмайды. ҚР -да АӨК дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында көкөніс шаруашылығына ерекше көңіл бөлінеді.

2019 жылдың  статистикалық деректері бойынша, жалпы Қазақстанда көкөніс дақылдары 150 мың гектардан астам алқапта егілген, көкөністерден  жалпы өнім жинау шамамен 3,8 мың тоннаны құрайды, орташа өнім мөлшері 25 т / га деңгейін жетеді.

Сондай-ақ еліміздің жылыжай шаруашылығының қарқынды дамуын атап өткен жөн. Егер 1990 жылы республикада 560 га жылыжай  болса, 2019 жылға қарай 1,2 мың га болды. АӨК-ті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы бойынша жылыжайлар алқабын  1,7 мың га дейін ұлғайту болжанып отыр.