Қайрат Бисетаев картоптың шынайы бағасын айтты
Қазақстанда картоп бағасының 400-500 теңгеге дейін көтерілуі осы аптада үлкен дүрлікпе тудырды. Қазақстан картоп және көкөніс өсірушілер одағының Басқарма төрағасы Қайрат Бисетаев хабарлағандай, қазіргі кезде ерте піскен картоп егіс алқабында 200 теңгеден сатылуда.
«Біздің Оңтүстік өңірлердегі Сарыағаш, Қарабұлақ аудандарындағы фермерлеріміз бүгінде егістік басында картопты 200 теңгеден сатады. Ал күздік былтырғы картоптың бағасы жаңа піскеннен де төмен. Елде барлық зат қымбаттауда: жанар жағар май, тұқымдар, тыңайтқыштар, қосалқы бөлшектер. Себебі, теңге бағамы төмендуде. Ал тағы жығылғанға жұдырық болып, темір терсек жинау мәселесі бар. Сонымен қатар, ерте піскен картопты міндетті түрде қолмен жинау керек. Бұл өте қымбат. Сондықтан 200 теңге деген баға өте жақсы деп ойлаймын», - деп жазды Қайрат Бисетаев Facebook бетінде.
Оның айтуы бойынша, соңғы жылдары картоп бағасы шаруашылықтардың алған несиелері мен лизинг бойынша шығындарын әрең ақтауда, кейде жабылмай да қалуда.
Сарапшының пікірінше, картоп бағасының өсуі барлық картоп шаруашылығы Қазақстанның солтүстігінде және солтүстік-шығысында орналасқан. Фермерлер халықты шілде айының ортасынан сәуірге дейін картоппен қамтамасыз етеді, ал биыл мамыр айында да жеткізілім болды. Маусым айында Өзбекстаннан және ҚР оңтүстік облыстарынан картоп келеді Бірақ биыл Өзбекстан шекараны ерте көкөністер мен картоп өткізбестен жауып тастады.
Сонымен қатар, Қайрат Бисетаевтың айтуынша, Қазақстанның оңтүстігінде наурыз айында мезгілсіз суық болған, бұл картоптың пісуін 10 күнге кеш пісуіне әсер етті. Қазір нарықта негізінен пленка астынан жаңа піскен картоп сатылады. Ал ашық жерде өсірілген картоптар бір аптадан кейін піседі.
Тақырыпқа байланысты оқу: АШМ мен Сауда министрлігі бағаның шарықтау себебіне байланысты дауласуда
Бағаның күрт өсуі кезінде тұрақтандыру қорларынан жағдайды реттеу керек еді, бірақ мұндай шара жасалмады.
«Біздің еңбеккерлер жыл сайын облыстың тұрақтандыру қорына нарықтан төмен бағамен картоп өткізеді, бірақ оның қайда кететіні белгісіз. Өткен күзде 50-60 теңгеден тапсырдық. Солтүстіктің барлық аймағында осындай шаралар жасалады. Сонда бұл жиналған көкөністер қайда? Алайда қазір оның қажеті де шамалы болар еді, өйткені «ескі» картоптың базарларда сатылуы қиындау. Халық тек жаңа піскен картопты сатып алғылары келеді», - деп түйіндеді сөзін Қ.Бисетаев.
Бұған дейін ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров картоп өсірушілердің қоймаларынан килограмы 200 теңге бағасымен сатылатынын, ал тұтынушыларға жеткенше 400 теңгеден болатынын хабарлаған еді. Сонымен қатар, сауда министрі Бақыт Сұлтановтың айтуынша, ҚР-да картоп өндірісі ішкі қажеттіліктерді өтемейді, ал тұрақтандыру қорларында бұл өнім жоқ.