16 апреля 2020 Көкөністер мен жемістер

Қазақстан көкөніс экспортына салған тыйымды алып тастады

Қазақстан тез бұзылатын көкөністерге- пияз, қырыққабат, сәбіз экспортына салған тыйымды алып тастады. Бұған дейін қабылданған шешім қайта қаралып өзгертілді. Себебі ауыл шаруашылығы өнімдерін сата алмай, тастауға мәжбүр болған оңтүстік облыс фермерлері шағым жазған еді.

Тақырыпты оқу: Қазақстандық экспорттаушылар ішкі нарықтан айырылып қалғылары келмейді

Аталған шешімге Мәжіліс депутаты Нұржан Әлтаевтың 15 сәуір күні Парламент Мәжілісінің жалпы отырысына жолдаған сауалы түрткі болды.

Қазақстан премьер-министрі Асқар Маминге жолданған үндеуде депутат төтенше жағдайға байланысты елдің аграршыларының қиын жағдайға тап болған мәселелерін шешу айтылады. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің бірнеше түрлерінің экспортына қойылған шектеулерден басқа, бұл фермерлердің қозғалуы үшін аймақта кедергілер бар, техниканы алып жүру және ауылдардан қалалық базарға азық-түлікті жеткізу мәселелері көтерілді.

Нұржан Әлтаев жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының жүк көліктеріне қатысты «өз беттерінше» жұмыс істеп жатқандықтарына назар аударды. Мәжіліс депутатының  ұсынысы бойынша, адамдар мен ауыл шаруашылығы және жүк техникасының жүріп-тұруына рұқсат алуды бірыңғай ашық түрде рәсімдеуді енгізу қажеттігін ұсынды.

Мәселе көтерілген күні адамдар мен көлік қозғалысына рұқсат беру процедуралары propusk.kz порталында электрондық форматқа ауыстырылады деген хабарлама айтылды. Аталған жүйе 17 сәуірден бастап жұмыс істейтін болады. Жұмыс берушілер осы сайт арқылы өтінім беріп, рұқсат ала алады.

Сонымен қатар, депутаттың айтуы бойынша, аграршылар пияз, қырыққабат, шалқан, сәбізді экспортқа шығаруды тоқтатып тастау шарасын түсінбей отыр. Қазіргі уақытта  оңтүстік аймақтарда тез бұзылып кететін 800 мың тоннаға жуық ауыл шаруашылығы өнімі (пияз, қырыққабат, сәбіз) жиналып қалған. Қазақстанда ол өнімдерді тұтыну деңгейі он есе аз. Яғни, өнім керекті мөлшерден артық өндірілген.

Тақырыпты оқу: Оңтүстік облыс фермерлері өнімдерін лақтырып тастауға мәжбүр - Нұржан Әлтаев

— Мұндай өнім көлемімен біз 20 шақты елді қамтамасыз ете аламыз — деді Нұржан Әлтаев. Оңтүстік облыс фермерлері елге сата алмай, ішкі нарықта қажет болмай қалған өнімдерін лақтырып тастауға мәжбүр. Оның айтуы бойынша, фермерлердің жинаған өнімдері өткізілмесе еңбектері зая кетіп, шығынға ұшыраулары мүмкін.

Үкімет аталған мәселеге тез арада назар аударып, сол күні 15 сәуір  кешке ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров аталған тізімнен  пияз, қырыққабат, сәбізді алып тастады. Енді экспортқа шығаруға шектеу салынған азық-түліктерде қарақұмық, қарақұмық жармасы, картоп, қант, күнбағыс май қалды.

Сергей Буянов