Алматыдағы Бақ күні атты іс-шарада голландиялық технологиялар таныстырылды
Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті жанынан құрылған «Қарқынды бақ» Қазақстан-Нидерланд орталығының базасында Бақ күні атты іс-шара аталып өтті. Қатысушыларға алма, алмұрт, шие, қараөрік,қызыл қарақат және аспарагус өсірудің голландиялық технологиялары ұсынылды. Сондай-ақ, алма, алмұрт жеміс-жидектерден келген қонақтар дәм татты. Бұл туралы Facebook -те университет ректоры Тлектес Есполов айтты.
«Қарқынды бақ» орталығы жеміс және жидек дақылдарының жаңа сорттарын және оларды өсіру технологияларын пайдалана отырып, жеміс шаруашылығы саласындағы заманауи инновацияларды көрсетуге арналған көрнекі алаң болып табылады. Сондай-ақ, орталық Қазақстанның фермерлеріне нидерланд технологиясы бойынша бақ отырғызу және күтім жасауда көмек көрсетеді.
Тақырыпқа байланысты оқу: Arnau Agro алмаларды итальяндық технология бойынша өсіруде
ҚазҰАЗУ - ҚР-да бау-бақша саласында жұмыс істейтін кадрлар даярлаумен айналысатын жалғыз университет. Мамандарды практикалық даярлау үшін университет 2020 жылы Dutch Fruit Solutions Kazakhstan (DFSK, Нидерланд) компаниясымен бірлесіп 1,5 га алаңға көкөніс, жеміс жидектерді көрнекі бақ ретінде өсіреді.
Тілектес Есполов атап өткендей, Нидерланд Корольдігі әлемдегі № 1 тұқым дайындайтын ел және мен отырғызу материалын экспорттаушы мемлекет болып табылады. Еліміз табыстың 15-30% -ын АӨК инновацияларына салып инвестициялайды, жылына 2,4 млрд еуро болатын тұқымдық отырғызу материалдарын экспорттайды, оның ішінде 60% -ы - тұқымдық картоп және 40% -ы - көкөніс дақылдарының тұқымдары.
Аталған оқу орны кадрлар даярлаудан басқа, жеміс дақылдарының зиянкестерімен күрес жұмыстарында да маңызды міндеттер атқарумен айналысады.
«Қазіргі уақытта республикадағы жеміс дақылдарына бактериялық күйік жәндіктері үлкен зиян келтіруде. Мысалы, 2017-2020 жылдары Алматы облысы аумағында бактериялық күйік жұқтырған бақтардың көлемі жыл сайын мың гектарға өсіп, нәтижесінде 200 гектар жердегі ағаштар қазылып, жарамсыз болды. Егер дер кезінде тиісті шаралар қолданылмаса, ғалымдар барлық жеміс екпелерінің 50% -дан астамынан, сондай-ақ алма бақтарының 100% -ынан айырылып қалу қаупі бар, - деп хабарлады ректор.
Аталған мәселені шешу үшін ҚазҰАЗУ-да 640 шаршы метрді құрайтын, 680 млн теңгенің заманауи жабдықтарымен жабдықталған өсімдіктерді микроклоналды көбейту зертханасы ашылды. Зертхана Корнель университетімен (АҚШ) бірлесіп құрылған. Оның қызметі жылына 3 млн дана көлемінде жеміс-жидек, жаңғақ, көкөніс және басқа да ауыл шаруашылығы дақылдарының сауықтырылған генетикалық біртекті сертификатталған тұқымдық отырғызу материалын алуға бағытталған. Ғалымдардың мәліметінше, Қазақстанның жеміс-жидек дақылдарына деген қажеттілігі бүгінде жылына 7 млн дананы құрайды.
«Қазақстанда жеміс-жидек дақылдарын дамыту бойынша осындай мақсатты жұмыс 2027 жылға қарай қарқынды бақтардың ауданын 2 есеге ұлғайтуға, яғни 47 мың га жаңа бақты пайдалануға беруге мүмкіндік береді», - деп атап өтті университет ректоры Тілектес Есполов.
Сондай-ақ, ол болашақта ЖОО жанынан заманауи жеміс қоймасын салу жоспарланып отырғанын хабарлады. DFSK компаниясымен алдын ала келісім жасалды.