ШҚО-ның кәсіпкерлер палатасы фермерлер үшін жанар-жағар май бағасының өсуі мүмкін екенін айтты
Шығыс Қазақстан облысының аграршылары маусым айында зауыттың жөндеу жұмыстарына тоқтатылғандықтан берілетін арзан отынсыз қалуы мүмкін. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысы Кәсіпкерлер палатасының агроөнеркәсіптік кешен бөлімінің бастығы Асқар Жақыпбаев хабарлады.
«Атамекен» ҰКП порталының мәлімдеуінше, өңірге бекітілген мұнай өңдеу зауыттарының отын жеткізу кестесіне сәйкес, Павлодар мұнай-химия зауыты 2020 жылдың наурыз-мамыр айларында Шығыс Қазақстан облысында жанар-жағар май материалдарын жеткізуші болып бекітілген еді. Олар жанар-жағармайды тоннасына 174 мың теңгеден берген еді. Бұл аграршыларға литрін 165 теңгеден ұсынуға мүмкіндік берді. Алайда маусымда Шығыстағы фермерлер жанар-жағармай материалдарын жоғары бағамен сатып алуға мәжбүр болады. Бұл мәселені жанар-жағар май операторлары Шығыс Қазақстан облысы Кәсіпкерлер палатасының сайтында жазды.
«Жыл сайын қазақстандық МӨЗ жөндеу жұмыстарына жабылады. Неге екені белгісіз аталған жөндеу жұмыстары әрқашан егіс кезіне немесе егін жинау кезіне сәйкес келеді. Зауытта белгілі маусым жоқ. Міне, біздің жұмысымыз қазір осы МӨЗ-ге «тәуелді» болып тұр. Бұл республиканың ең батыс нүктесі, және біздің есептеуімізше, жанар-жағармай материалдарының бағасы логистиканы ескере отырып, шығысқа жеткізу 179 теңгені құрайды», — деді Асқар Жақыпбаев.
Палата ауыл шаруашылығы және энергетика министрлеріне олардың жеңілдетілген бағаларын қайта қарау туралы хат жолдады. Бағасы 165 теңгеден аспауы үшін бұл мәселе жедел түрде министрліктердің басшыларымен талқыланатын болады.
Сонымен қатар, Жақыпбаевтың айтуынша, жанар-жағармай операторлары Кәсіпкерлер палатасына тасымалдау ережелерінің дұрыс болмауына байланысты дизель тапшылығы мәселесін шешуді сұраған еді. Соңғы үш жылда мемлекет көктемгі дала жұмыстарына 82 мың тонна жанар-жағармай материалдарын бөлді. Алайда, вагондардың материал тасымалдау қабілеттілігінің әр түрлі болуына байланысты жанар-жағар майдың нақты және тиелген көлемі арасында айырмашылық бар. Сонымен қатар, болашақта жүктелген көлем өтелмейді. Нәтижесінде, Шығыс Қазақстан облысының диқандары жыл сайын белгіленген бағамен шамамен 3 мың тонна дизель отынын алады. Тек 2018-2020 жылдары олар шамамен 9 мың тонна жоғалтты. Фермерлер қажетті көлемді нарықтық бағамен сатып алуға мәжбүр.
«Себебі, кейбір вагондарға норма бекітілген, ал жанар-жағармай материалдары басқа вагондарға тиелуі мүмкін. Шартта қарастырылмаған бап бар, онда егер тасымалдау стандарттары сәйкес келмей жанар-жағармай жетіспесе, зауыт жетпейтін соманы беруге міндетті емес», — деп түсіндірді АӨК департаментінің басшысы.
Қазіргі уақытта Шығыс Қазақстан облысының Кәсіпкерлер палатасы жанар-жағар май операторларының қолдарын жинауда, содан кейін тиісті хат Үкімет басшысына, ауыл шаруашылығы және энергетика министрлеріне, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-қа, депутат Нұржан Алтаевқа жіберіледі.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев наурызда дағдарысқа қарсы шараларды жариялап, үкіметке ауылшаруашылық тауар өндірушілері үшін дизель отынының бағасын литріне 165 теңгеге немесе нарықтық бағадан 15% -ға
төмендетуді міндет етіп қойғанболатын. Бұл үшін арзандатылған бағамен шамамен 390 мың тонна дизель отыны бөлінеді. Мемлекет басшысы арзандатылған жанармай — фермерлерге міндетті түрде жетуі керек деп атап өткен еді.