Gosagro.kz-те жеңілдікті дизель отынына өтінімдер қабылдау қайтадан ұзартылды
Егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін жеңілдікті дизель отынына электрондық өтінімдерді қабылдау 31 мамырға дейін ұзартылды. Бұл туралы ElDala.kz Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Естеріңізге сала кетейік, сәуір айында бекітілген ережелерге сәйкес ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін жеңілдікті ЖЖМ бөлу gosagro.kz-тегі модуль базасында электрондық форматта жүргізіледі. Өтінімдерді, оның ішінде егін жинау жұмыстарына жүйеде ЭЦҚ көмегімен беру қажет.
Айта кетейік, бүгінгі таңда аграрлар 342,7 мың тонна арзандатылған дизель отынына 24 мыңнан астам өтінім берген.
Бұған дейін Ауыл шаруашылығы министрлігі өтінімдерді қабылдау мерзімін қоса алғанда 29 мамырға дейін ұзартты.