Қазақстанда жарты жыл ішінде ауыл шаруашылық техникасын өндіру 125 пайызға артты
2020 жылдың бірінші жарты жылдығында Қазақстанда трактор, комбайн және басқа да ауыл шаруашылық техникаларын шығарушылар 33,7 млрд.теңгеден астам өнім өндірді, бұл 2019 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 125%-ға артық. Бұл туралы Қазақстан автобизнес қауымдастығы (AAБҚ) хабарлайды.
Мұндай жақсы көрсеткіш көбінесе ассортименттің кеңеюімен және Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылық машиналарының локализациясымен байланысты екендігі атап өтілді. Жыл соңына дейін 77,4 млрд. теңгеге жабдықтар шығару жоспарлануда.
Ең көп өсу комбайндар өндірісінде тіркелді. «АгромашХолдинг KZ» АҚ (Essil), «КАИК» (Acros) және KazRost Engineering Ltd (Вектор, Акрос) атты астық жинайтын техниканың шығарылымын екі еседен астамға артты, былтыр 150 бірлік 7,5 млрд теңге болса, биыл 310 дана 14,31 млрд.теңгені құрады.
«Агромашхолдинг KZ» АҚ, Қостанай трактор зауыты, СемАЗ және Қазақстан агроинновациялық корпорациясы шығарған «Ловол», «Кировец» және «Беларус» тракторлары фермерлер көп сатып алуда. Беларуссия тракторларын сту үлесі 80%-ды құрайды. Қазақстан Республикасындағы энергияны көп қажет ететін «Киров» тракторларының үлесі 60%-ды алады.
Алты ай ішінде отандық зауыттар ауыл шаруашылығы, коммуналдық шаруашылық және орман шаруашылығына 16,47 млрд теңгенің 788 тракторларын сатты: бұл 2019 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 86% -ға көп.
Сонымен қатар, ауыл шаруашылық техникаларын өндірушілер «ҚазРост Инжиниринг Лтд», «KAIK» ЖШС және «АгромашХолдинг KZ» АҚ құны 2,9 млрд теңгеден асатын трактор тіркемелері мен басқа да құралдарды шығарды.
«Аталған салаға салынған инвестиция мөлшері бұл шаруашылықтың көп пайда әкелетіндігін көрсетеді. Соңғы екі жыл ішінде қазақстандық ауыл шаруашылық машина жасау саласы техника шығаруды едәуір кеңейтті. Қазақстан Республикасында жаңа өндіріс орындары пайда болды, ««Кировец», Lovol және Bühler тракторларын шығару басталды, Claas комбайндарын шығару жоспарлануда (Солтүстік Қазақстан облысында өндірісті ашу туралы меморандумға қол қойылды). Есіл комбайндарының (Essil-790 барабаны айналмалы комбайндар) модельдік желісін жасау артты және «КАИК» ЖШС Torum комбайндарын шығаруды бастады», - деп айтылды хабарламада.
Сондай-ақ, локализация деңгейі өсіп келе жатқандығы, меншікті компоненттік база дамып келе жатқаны сөз болды. Жақында ғана Қостанай облысында ірі әлемдік деңгейдегі компаниялардың және жергілікті ШОК-тың қатысуымен бөлшектер өндірісі үшін өнеркәсіптік кластер құру мақсатында «Бизнес-инкубатор» жобасын іске асыру басталды. Жалпы ауданы 27000 шаршы метрден асатын өндірістік нысандарды қайта құру жұмыстары жүргізілуде.
«ҚДБ-Лизинг» Қазақстан үкіметі жүргізіп отырған дағдарысқа қарсы саясат аясында отандық ауыл шаруашылық техникасын сыйақы мөлшерлемесі 6%-бен және алғашқы төлемсіз сатып алу бағдарламасы іске қосылды.