11 августа 2020 Ауылшаруашылық техникалары

Қазақстандық ғалымдар жерді терең жыртатын құрылғы ойлап тапты

Ұлттық аграрлық ғылыми - білім беру орталығының еншілес ұйымы-«Агроинженерия ҒӨО» ЖШС жаңа жер жыртатын құрылғы жасап шығарды. Бұл туралы ҰАҒБО баспасөз қызметі хабарлады.

ҰАҒБО атап өткендей, жер қыртысында су, ауа айналымын жақсарту үшін, күзде және көктемде ылғалды сақтап тұру үшін 3-4 жылда бір рет топырақты 45 сантиметр тереңдікке дейін қопсытып жырту  ұсынылады.  

«Топырақты терең қопсыту үшін қолданыстағы машиналарды пайдалану кезінде топырақта жер асты жоталары пайда болып, олардың көлемі 40-60% құрайды. Ал топырақтың тығыздығы 1,7-1,9 грамм болатын жер асты жоталары өсімдіктердің тамыр жүйесінің дамуына кедергі келтіреді. Жер астындағы жоталардың әсеріне байланысты егістіктерде егіннің жеткілікті мөлшерде шықпауы  30-40% болуы мүмкін»,-дейді ғалымдар.

«Агроинженерия ҒӨО» ЖШС-да топырақты толық көлемді қопсыту үшін жаңа чизельді терең қопсытқыш әзірледі, оның жұмыс істеуі үшін қажетті тік тіреуіші, екі тырмасы және ені 52 миллиметр 3 қашауы бар.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, аталған құрылғыда бір қашаудың орнына үш қашауды орнату кезінде кедергі 25-30% құрады. Қарсылықтың шамалы өсуі технологиялық процесті жүзеге асыруға қашаулардың өзара әсерімен байланысты болады. Құрылғының алдында орнатылған қашаулар қозғалған кезде бойлық және көлденең бағыттарда топырақ жақсы қопсытылады. Нәтижесінде қашау мен тырма алдын-ала деформацияланған топырақты қопсытады.

«Осылайша жұмыс істеу кезінде топырақ астында жоталар пайда болмай, жер жақсы,толық көлемде қопсытылады. Топырақтың қопсытылуы (көлемнің ұлғаюы) 13-15 сантиметрді құрайды, өңдеу аймағындағы топырақ тығыздығы бір текше сантиметрге 0,9-1,2 грамм шегінде болады», - деп атап өтті ҰАҒБО.

Сондай-ақ, қазіргі уақытта РЧ-2,4 чизельді терең қопсытқыш  құрылғы агроинженерия ҒӨО тәжірибелік өндірісінде дайындалады және ауыл шаруашылығын өндірушілерге сатылады.

РЧ-2,4 чизельді терең қопсытқыштың техникалық сипаттамасы  

Терең қопсытқыш тырманың ені, м

2,4

Жер жырту ауқымы, м

0,7

Топырақтың терең, см

до 35

Өнімділігі, га\сағ

1,1

3 класты тракторлармен агрегатталады