Атамекен импорттық ауыл шаруашылығы техникаларына төлемді алып тастауды талап етуде
«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы техниканы екі жыл пайдаланғаннан кейін төлемді алуды ұсынуда, сондай-ақ Қазақстан Республикасында өндірілген ауыл шаруашылық техникаларына ғана пайдалану төлемін салуды айтуда. Бұл туралы палата төрағасының бірінші орынбасары Эльдар Жумагазиев мәлімдеді.
Жыл сайын фермерлер шамамен 2 684 бірлік трактор мен 1061 бірлік комбайн сатып алады. ЕАЭО елдерінен импортталатын тракторлардың үлесі 83,9% құрайды, комбайндар - 67,9%.
«Отандық өндіріс қажетті сұранысты қамтамасыз ете алмайды. Шетелдік жабдықтарың түрі сан алуан, сонымен қатар техникалық мүмкіндіктері көп (интеллектуалды жүйе, спутниктік навигация, автоматты жүргізу және т.б.). Отандық өндіріс модельдері мен ЕАЭО елдерінен шығатын техникаларда мұндай тетіктері жоқ», - деп жазды Жұмағазиев Facebook парақшасында.
Оның айтуынша, соңғы 5 жылда доллар бағамының 2,1 есеге өсуіне байланысты алыс шетелден келетін техниканың бағасы да өсті. Сонымен қатар, соңғы 5 жылда рубль бағамы 1,2 есеге өсті (3,6-дан 5,9 теңгеге дейін), ал ресейлік және беларуссиялық автокөлік жиынтықтарының құны 2,4 есеге қымбаттады.
2020 жылдың басынан бастап Еуропа мен АҚШ-тан келетін ауыл шаруашылық техникаларының бағасы 16% -ға көтерілді. Темір қалдықтары үшін төлем жинауды енгізгеннен кейін ауыл шаруашылық техникаларына жалпы баға 26-28%-ға өседі.
«Атамекенде» басты назар салып отырғандары- қалдықтарды жинауды енгізу отандық ауыл шаруашылық техникасының бағасын түсірген жоқ. Керісінше, отандық «Беларусь» тракторлары мен импортталатын тракторлардың бағасы бірдей болды, айырмашылығы шамамен 1% деңгейіне жетті. Техника елде жиналғандықтан бағасы кем дегенде 22% арзан болуы керек еді.
«Сонның нәтижесінде фермерлер ауыл шаруашылық техникасы үшін жыл сайын 57,2 млрд.теңгені артық төлеп отыр», - деді Э.Жұмағазиев.
Ол сондай-ақ Қазақстан Республикасында өндірілген жабдықтардың қалдықтарына төлем жинауды енгізуді екі жылға шегеру қажет деп санайды. Осы кезеңде республика аумағында әлемдік брендтер өндірісін салу бойынша жұмыстар жүргізуге болады.
«Техника қалдықтарына төлем жинау енгізілген кезде 2020 жылы Case IH, New Holland, CLAAS және John Deere брендтерінің ауыл шаруашылық техникасы өндірісінің ашылуы туралы айтылды. John Deere осындай төлем енгізілгендіктен жұмысы уақытша тоқтатылды. CLAAS компаниясы келісімге қол қойды, бірақ өндіріс (құрастыру) көлемдері жарияланбаған. CLAAS жобасы бойынша арнайы инвестициялық келісімшарт жасалмаған, зауыт салынбаған және технологиялық процесс құрылмаған, ақысыз қойма ашылмаған, басқа келісімдерге қол қойылмаған, қызметкерлер жалданбаған, өндірістік сертификаттау процесі аяқталмаған және т.б. Бұл мәселелерді шешудің болжамды мерзімі кем дегенде екі жылды құрайды», - деді Э.Жұмағазиев хабарламасында.
Сонымен қатар, оның айтуынша, 2019 жылдың 5 желтоқсанында Қазақстан Республикасында өндірілген ауыл шаруашылық техникаларының сынықтарын енгізу туралы бұйрыққа қол қойылғаннан бері бірде бір ауыл шаруашылық техникасы сыныққа қабылданбаған, кәдеге жарату зауыты салынбаған, сондай-ақ зейнетке шыққан техниканы қабылдау бағдарламасы әзірленбеген. Бұл мәселелерді шешу үшін шамамен 2-3 жыл қажет.