Көкшетауда ауылшаруашылық техникаларын құрастыру және жөндеу бойынша сервистік орталық салынуда
Көкшетауда Eurasia Group Kazakhstan ауыл шаруашылық техникаларын құрастыру және жөндеу бойынша жаңа қызмет көрсету орталығын салуда. Бұл туралы Ақмола облысының ішкі саясат басқармасынан хабарлады.
ІСБ мәліметтері бойынша, аталған құрылыстың жалпы аумағы 10 га құрайды, ал қызмет көрсету орталығының аумағы 13 мың шаршы метрді құрайды.
Қызмет көрсету орталығында әкімшілік кеңсе ғимаратынан басқа қосалқы бөлшектер қоймасы, оқу кабинеті бар шеберханалар, құрастыру шеберханасы және ауыл шаруашылық техникасының екі көрме алаңы бар.
Сондай-ақ, сервис орталығының аумағында сынақ жүргізуге арналған алаң, пайдаланылған жабдыққа арналған алаң, ашық кеден қоймасы, қондырғыларды жинауға және калибрлеуге арналған орындар, жеңіл және жүк көліктеріне арналған тұрақ болады.
Сервистік орталықты 2021 жылдың екінші тоқсанында іске қосу жоспарланып отыр.
Тақырыпқа байланысты оқу: Сергей Глокке: Темір қалдықтарын жинау фермерлерге кері әсер етуде
Eurasia Group Kazakhstan кәсіпорны John Deere компаниясының Қазақстан Республикасындағы ресми дистрибьюторы болып табылады. Оның серіктестері - британдық JCB компаниясы, шведтік Vaderstad, немістің Grimme компаниясы. Eurasia Group Kazakhstan американдық Lindsay компаниясының өнімдерін ұсынады. Іскерлік бағыттары: ауылшаруашылық техникасы мен қосалқы бөлшектерді жеткізу, қызмет көрсету, қаржыландыру және заманауи ауыл шаруашылығына арналған цифрлық технологиялар.