13 марта 2020 Ауылшаруашылық техникалары

Завод дождевальных машин в 2019 г. отправил в Казахстан 25% произведенной техники

2019 жылы су сепкіш машина зауыты (Волжский қ., РФ) шығарған 64 агрегаттың 15-17 бірлігі суармалы техника  болған, ол шамамен өнімнің 25%-ы және оны Қазақстанға сатқан. Бұл туралы «Су сепкіш машина зауыты» компаниясының даму жөніндегі директоры Владимир Барабанов  AgriTek/FarmTek Astana 2020 XV Халықаралық мамандандырылған ауыл шаруашылық көрмесінің жұмысы барысында айтты.

Қазақстанда «Су сепкіш машина зауыты» компаниясының даму жөніндегі директоры Владимир Барабанов айтқандай, суару техникасын субсидиялау шығындардың 50% -ы деңгейінде жүргізіліп жатыр.Мұндай жағдайда сатып алынған жабдықтың құны   1 жыл ішінде өтелуі мүмкін, жалпы шығын 2 жыл ішінде өз құнын ақтайды.

«Суармалы жерлерге қажетті құралдарға деген сұраныс үнемі өсуде, себебі  суару егіншілікті өсірудегі басты құрал болып табылады. Бүкіл әлем бойынша суармалы жердің үлесі небәрі 10% -ды ғана құрайды», - деді Владимир Барабанов.

Анықтама: «Су сепкіш машина зауыты» Ресей нарығында 5 жылдан бері  жұмыс істейді. Қазақстан нарығында 2017 жылдан бастап жұмыс істеп келеді.

Естеріңізге салар болсақ, ауыл шаруашылығының вице-министрі Айдарбек Сапаровтың айтуы бойынша 2017-2019 жылдар арасында 146 мың гектар суармалы жер қалпына келтірілген.